"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Карашилик отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мұғалімдер күні

26.10.2020

Дәл осындай марапатпен Ақмола облысы білім басқармасының Алғыс хатымен және мектептің кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен дене шынықтыру мұғалімі Қуандықов Оразбек Базарұлы марапатталды.

Қарашілік орта мектебінде ұстаздар күні 5 ұстазымыз облыстық, аудандық және мектепшілік марапаттарға ие болды. Айта кетсек, директордың тәрбие ісі жөніндегі орнбасары Кожикова Бағдат Абышевна «Білім саласын жетілдіруге және ұйымдастырудағы, білім беру мен тәрбиелеу бағдарламаларын жүзеге асырудағы көп жылдар бойғы және елеулі еңбегі үшін» Ақмола облысы білім басқармасының «Алғыс хатымен» және мектеп кәсіподақ ұйымының «Ұстаздық жолында 25 жыл ерен еңбегі» үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қарашілік орта мектебінің орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Абильдина Гульмайда Сапарбекқызы «Ұстаздық жолында 30 жыл ерен еңбегі» үшін мектеп кәсіподақ ұйымынан Құрмет грамотасымен марапатталды.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абильдин Бахыт Жұмаділұлы «Білім беру жүйесіндегі адал жұмыс атқарғаны және кәсіби қызметте қол жеткізген нәтижелері үшін» «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облыстық ұйымының» құрмет грамотасымен марапатталды.

Мектептің психологы Маткенова Қайыргүл Сағатқызы «Ұстаздық жолында 20 жыл ерен еңбегі» үшін мектеп кәсіподақ ұйымынан Құрмет грамотасымен марапатталды.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст