Текст
25.02.2026
13 ақпан күні Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімдерімен «Мұғалімнің конституциялық сауаттылығы және оның білім беру ортасына әсері» тақырыбында педагогикалық консилиум өткізілді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде педагогтің кәсіби қызметіндегі құқықтық сауаттылықтың маңызы талқыланды. Конституциялық сауаттылық – бұл бап нөмірлерін жатқа білу ғана емес, мектеп ішіндегі білім беру ортасының сапасы мен ахуалын айқындайтын маңызды кәсіби құзыреттілік екені атап өтілді. Бүгінгі таңда мұғалім заңдылық, академиялық адалдық және білім алушылар мен тәрбиеленушілерге құрмет қағидаттарына негізделген академиялық орта қалыптастырады. Педагогтердің құқықтық мәдениетін арттыру сенімді нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті дамытуға және білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға ықпал етеді.
25.02.2026
Қарашілік ауылының ЖОББ мектеп кітапханасында “Балалар кітапханасы” жобасы аясында “Шын жүректен – кітап сыйла” атты акция өтті. Басты мақсаты – оқушыларды кітап оқуға насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу және мектеп кітапханасының қорын толықтыру. Акция аясында 9–10 сынып оқушылары қатысты, олар мектеп кітапханасына өз жүректерінен шыққан сый ретінде көркем әдебиеттер мен танымдық кітаптарды тарту етті. Олардың қатарында қазақ және әлем әдебиетінің үздік туындылары бар. “Шын жүректен – кітап сыйла” акциясы алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп сенеміз!
25.02.2026
9-сынып оқушыларының ата –аналарымен жиналыс өтті. Басты мақсаты – 9-сынып оқушыларының оқу үлгерімі, тәртібі және алдағы маңызды кезең – қорытынды аттестаттау туралы ақпарат беру. 9-сынып – оқушылар үшін жауапты әрі шешуші кезең. Биыл олар негізгі орта білімді аяқтап, емтихан тапсырады. Сондықтан әр баланың білім сапасына, сабаққа қатысуына және дайындық деңгейіне ерекше көңіл бөлуіміз қажет.Оқушылардың қауіпсіздігі жайлы да көптеген ақпараттар айтылды.Сонымен қатар мектеп аумағына алып келуге тыйым салынатын заттар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, өткір, жанғыш, жарылғыш, зиян келтіруі мүмкін және заңмен тыйым салынған заттарды мектепке алып келуге болмайтыны ескертілді. Бұл талаптардың оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілгені түсіндірілді. Сынып жетекші: Аккожина А
25.02.2026
Смарт 3 мүшелері – Ағалар клубының ұйымдастыруымен «Аға болсаң – ақыл айт» іс-шарасы өткізілді. Үлкеннің өнегесі – кішіге үлгі. Бірлік пен тәрбиені дәріптеген тағылымды кездесу болды. Іс-шара барысында ағаларымыз өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға бағыт-бағдар беретін құнды ақыл-кеңестер айтты. Қатысушылар еркін пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Мұндай кездесулер жас буынның саналы, жауапкершілігі жоғары тұлға болып қалыптасуына үлкен септігін тигізеді. Бірлік пен сыйластықты ту еткен Смарт 3 тобы алдағы уақытта да игі бастамаларды жалғастыра бермек.
25.02.2026
Мектебімізде «Конституция – құқықтық мемлекеттің іргетасы» тақырыбында мұғалімдер арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру, Конституцияның қоғамдағы рөлі мен маңызын түсіндіру және білім беру ұйымдарында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелерін талқылау болды.
25.02.2026
12 қаңтар күні Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебімізде «Тыйым салынатын заттар» тақырыбында оқушылармен түсіндірме жұмысы жүргізілді. Шара барысында білім алушыларға мектеп аумағына алып келуге болмайтын заттар туралы нақты ақпарат берілді. Атап айтқанда, өткір, жарылғыш, жанғыш, зиян келтіруі мүмкін және заңмен тыйым салынған заттарды алып жүруге болмайтыны ескертілді. Түсіндірме жұмысының мақсаты – оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылығын арттыру және мектепішілік тәртіпті сақтау. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қауіпсіздік ережелерін сақтау маңыздылығы атап өтілді. Қауіпсіздік – бәрімізге ортақ міндет!
11.02.2026
29.01 күні Қарашілік аулының ЖОББМ-де 11-сынып оқушыларымен “Заң менімен басталады” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Заңды сақтау - әрқасымыздың таңдауымыз.
11.02.2026
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 5–11 сыныптың қыздарымен «Жасөспірім қыздардың денсаулығы: тазалық, құрмет және ақпарат» тақырыбында тәрбиелік әңгіме өткізілді. Іс-шара барысында: ✅ жеке тазалықты сақтау, ✅ өз денесіне құрметпен қарау, ✅ жас ерекшелігіне сай продуктивті денсаулық туралы түсінік. ✅ денсаулыққа қатысты дұрыс әрі сенімді ақпарат алудың маңызы түсіндірілді.
11.02.2026
Қаңтардың 28-і Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің парламенті құқықтар мен жауапкершілік тақырыбында видео түсірді.
11.02.2026
Қаңтардың 28-і Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларына жалған терроризм (терроризм туралы көрінеу жалған хабарлама беру) бойынша құқықтық жауапкершілікті түсіндіру мақсатында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Оқушыларға жалған хабарлама берудің заңға қайшы екені, оның әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні түсіндірілді.