"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Карашилик отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мамандық білгерлері»

«Мамандық білгерлері»

9 ,11 сыныптарға арналған мамандықа байланысты ойын

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын арттыру.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме, жиналған қауым! Бүгін сіздер «Мамандық білгірлері» атты 9,11 сыныптарға арналған психологиялық танымдық ойынына жиналып отырсыздар!
1. Оқушылармен таныстыру.
2. Қазылар алқасымен таныстыру.
3. Ойын шартымен таныстыру.

ІІ. Негізгі бөлім.
Кіріспе.
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастырушы, келесі біреулер – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулер үшін – әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң және т.б. Мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қаже дұрыс таңдалмаған мамандық әсері мамандық иесіне ғана емес қоғамға кері әсерін тигізеді. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Осы көп салалы мамандықтар арасынан таңдау жасау әрине оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қоса алатындай болуы шарт.

Сайыстың барысы:
1. «Таныстыру» сайысы
Бұл сайыста әр топ өзінің атауын, ұранын, төсбелгісін қорғауы керек.
Қазылар алқасына сөз беру.

2. «Әріпті мамандық» сайысы

Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталған мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Әр командадан бір оқушы шығады, үлестірмені алады. Тапсырманы орындауға 5 минут беріледі.
№1: «Т» әрпінен басталатын мамандық.
«А» әрпінен басталатын мамандық.
№2 «Ш» әрпінен басталатын мамандық.
 «А» әрпінен басталатын мамандық.
Қазылар алқасына сөз беру.

Кіріспенің жалғасы
Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай-ақ, өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Қазіргі кезде өз сұранысын жоймаған, кең тараған мамандықтарға шаштараз, тігінші, құрылысшы, аяқ киім шебері, ағаш ұстасы т.б. атап айтуға болады. Қандай мамандық болмасын адам өз таңдауына қызығушылығы болса, өз жұмысын ұнатып істейді.

3. «Ең жақсы» сайысы
Әрбір командаға нұсқау беріледі. Қазір сендерге бірнеше мамандыққа мінездеме беріледі, ал сендер берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін жазуларың және айтуларың қажет. Мысалы: жануарлармен көп жұмыс жасайтын мамандықтар (зоотехник, ветеринар немесе мал дәрігері, мал өсіруші т.б.) Осы тапсырманы орындауға 5 минут беріледі.
№1:
Ең тәтті көп мамандық
Ең жауапты көп мамандық
Ең жасыл көп мамандық

№2:

Ең спортты көп мамандық
Ең күлкілі көп мамандық
Ең ақшасы көп мамандық

Қазылар алқасына сөз беру.

4. «Танысу» сайысы
Ойынның шарты: Кез-келген бір мамандықты атап, допты лақтырамын. Қағып алған оқушы, жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен асталатын кәсіпті айтады. Мысалы: мұғалім-механик-кондитер т.б. Ойын осылай жалғаса береді.
Қазылар алқасына сөз беру.

5. «Мамандықты тап» сайысы
Әр қатысушы тақтаға шығып, мамандықтар жазылған үлестірмелерді алып, сол жазылған мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалған оқушылар мамандықты табу керек. Мысалы: мұғалім, суретші, есепші, сатушы, аула жинаушы, әнші, биші, футболшы, МАИ қызметкері, аспазшы, тележүргізуші, дәрігер, тігінші, шаштараз, құрылысшы.

6. «Капитандар» сайысы
Бұл сайыста топ капитандарына бір сөз беріледі және сол сөздің ішіндегі әріптерді пайдаланып басқа сөздер құрастыруы керек. (мысалы, «МАМАНДАНДАРЫЛҒАН» деген сөз)
 

Ойын-жаттығу.

Мақсаты: оқушылардың мамандық жөнінде түсініктерін кеңейту.

Ойын барысы: әр түрлі мамандыққа қызықты, әрі ерекше мінездеме айтамын. Сіздер сол мінездемеге жақын мамандықты айтасыз.

1.   Ең жасыл мамандық(геогог, биолог, бағбан)

2.   Ең тәтті мамандық

3.   Ең шашты мамандық

4.   Ең күлкілі мамандық

5.   Ең ақшалы мамандық

6.   Ең қатал мамандық

7.   Ең сұлу мамандық

8.   Ең тап-таза мамандық

Құрметті оқушылар өздерінің армандарыңызды жазып, «Болашақтың жарқын жолдарына» салуыңыз керек. Бұл жолдар сіздің армандарыңыздың орындалуына, қиындықтан қиналмай, жетістікке жетулеріңізге септігін тигізеді.

Қорытынды сөз:

Өмір деген теңіз, сол теңізге батып кетпеу керек. Көп жағдайда өз таңдаған мамандығын оқып болғаннан кейін ұнатпайтындарда кездеседі. Олар әсершіл, көрінген нәрсеге тез қызыға береді.

Өз мамандығымызға дұрыс таңдау жасасақ, әрбір істеген ісімізде сапа болмақ. Бүгінгі ұрпақтың кезеңі өз болашағыңа, оның жаңа ұғымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, дұрыс таңдау жасай білуі мен икемділік дағдыларына бейімделген уақытқа сай келіп отырсыздар. Сондықтан сендерге қойылатын нақты талаптар:

 5. Ойын «Мамандықты тап», «Көп сөйлеме», «Суреттер сөйлейді».
«Мамандықты тап». Бұл сайысқа команданың барлық мүшелері қатысады. Алдымен сіздерге жұмбақ жасырылады. Шешуін тапсаңыздар ортада тұрған шаршыларды дұрыс орналастыру арқылы, жасырылған мамандықтарды табу керек. Әр командаға 3 тапсырма беріледі.

«Көп сөйлеме». Ойыншылар кезекпен өз командаластарына іс-қимылмен жасырылған белгілі мамандықтарды табулары керек.

«Суреттер сөйлейді». Ойыншылар кезекпен өз командаластарына жасырылған белгілі мақалдарды тақтаға сурет салу арқылы түсіндіріп беруге тиісті. Әр командаға 2 мақалдан беріледі.

   


Текст