"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Карашилик отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп психологы Маткенова К.С. ұстаздарға арналған "Оқушылардың оқу мотивация ережелері" парақшаларын таратты.

Оқушылардың оқу мотивацияның ережелері

  1. Үйренушілерде білімге деген қажеттілік тудыру, оның беретін пайдасы туралы пікірлесу («Бұл маған не береді? Пайдасы қандай?»)
  2. Әр үйренушінің білім игеру ісіне деген жеке жауапкершілігін қамтамасыздандыруға ұмтылу.
  3. Үйренушілердің қызығушылығын тудырып, оны үнемі қолдап, қыздырып отыру керек.
  4. Сабақта алған білімдердің практикалық маңызына ерекше көңіл бөлу керек. Әр сабақ прагматикалық (пайда тұрғысынан) сипат алуы керек.
  5. Үйренушілерді ұдайы мақтап, қолпаштап, қолдап отыру керек.
  6. Үйренушілер бір-бірімен жарыспай, оларда өзімен-өзі жарысу сезімін қалыптастыруға ұмтылу керек.
  7. Жүргізуші (мұғалім, оқытушы) өзі де шабыттанып, сол көтеріңкі күйін үйренушілерге көрсетуі керек.
  8. Әр үйренушінің жеке мотивтерін айқындау (үйренушінің «Бұл тақырып мен үшін неліктен қызықты әрі пайдалы?», «Мен неліктен осы сабаққа белсене қатысудамын?», «Бұл сабақтан мен не аламын?» сияқты сұрақтарға жауаптары).
  9. Сабақ барысында тұлға аралық қатынастардың дамуына ықпал жасау.
  10. Таңдауды әрқашан да үйренушілердің өздері жасаған жөн.


Қызығушылықты тудырудың кейбір тәсілдері.
 

  1. Қызықты бір оқиғаны сипаттап беріңіз.
  2. Қандай да бір талқыланған мәселе бойынша үйренушілердің пікірін білу үшін олардың қол көтеріп, дауыс беруін (жақтап немесе қарсы шығып) сұраңыз.
  3. Сұрақ қойыңыз.
  4. Уәде беріңіз.
  5. Үйренушілерді күлдіріңіз.
  6. Даулы немесе басқалардың көзқарасына қарама-қарсы пікір айтыңыз.
  7. Әдеттен тыс мәліметтер келтіріңіз.
  8. Көрнекіліктер мен үлестірмелі материалдарды қолданыңыз.
  9. Өз өміріңізден немесе кәсіби тәжірибеңізден мысалдар келтіріңіз.
  10. Оқушылардың шешімін қажет ететін проблемалық ситуацияны суреттеңіз.


Қызығушылық келесі әрекеттерден бәсеңдейді
 

  1. Мұғалім өзін оқушыдан тысқары ұстаса.
  2. Мұғалім оқушыларды бәсеңді (пассив) тыңдаушылар қатарында ұстап, оларды сол күйде қалдырса.
  3. Мұғалім өз ұсыныстарының (идеяларының) оқушылар үшін міндетті түрде қажетті болады деген ойы мен пікірі.
  4. Мұғалімнің оқушыға сын айтуы, олардың кемшіліктерін бетіне басуы.
  5. Оқушылардың мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап бере алмай, өздерін дым білмес ретінде сезінуі.

Текст