"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Карашилик отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Көшпенділер” — Ілияс Есенберлиннің үш кітаптан тұратын тарихи эпопеясы. Бұл шығарма - қазақ сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі, партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма. Трилогия “Алмас қылыш”, “Жанталас”, “Қаһар” деген бөлімдерден тұрады. Қазақ киносы қоржыны соңғы төрт жыл ішіндегі ірі жоба деп танылған тағы бір тарихи фильммен толықты. Фильмнің режиссері Рүстем Әбдрашов. Картинада Қазақ хандығының құрылу тарихы көрініс тапқан. Фильм XV ғасырдың орта тұсында Орда Еженнің ұпақтары — Керей мен Жәнібектің айналасына біріккен жұрттың Әбілқайырдан бөлініп шығуынан басталады. Сұлтандар Моғолстанның билеуші Есенбұғадан қоныстайтын жер алып, екі жақ мәміле шартқа қол қояды. Аңызға айналған абыз Асанқайғы да көшке ілесіп, елдің айрылуына себеп болған оқиғаларды жырына қосады. Өз ұлыстарын құруға бекінген Жәнібек пен Керей Әбілқайырдың хандығынан бөлініп шығады. Керей мен Жәнібекке қосылған рулардың басшы-билері құрылтай өткізіп, Керейді хан сайлап, Қазақ хандығының құрылғанын паш етеді.

05.03.2025

Просмотров: 20


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст