Текст
14.02.2023
Кіріктірілген ашық сабақтар онкүндігінде «Smart-2» серіктестігі 2-сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты тарих, алғашқы әскери дайындық және физика пәндерінің мұғалімдері бірігіп өткізді.
15.02.2022
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11- сынып оқушылары Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 150- жыл толуына орай "Ұлтымыздың ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлы" тақырыбында эссе жазды. Оқушылар қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға-Ахмет Байтұрсыновтің шығармашылығы туралы ой бөлісті. Ақынның өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.
15.02.2022
Қаңтардың 27-ші жұлдызында Қарашілік ауылының ЖОББМ-де 9-сынып оқушыларымен мектеп кітапханашысы Д.И.Бралинованың ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсыновтың 150 - жылдығына арналған "Ахмет Байтұрсынов - ұлт жанашыры" атты дөңгелек үстел өткізілді. Оқушылар Ахмет Байтұрсынов туралы мәліметтер оқып, сұрақтарға жауап берді. Шараның мақсаты - қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
12.10.2021
«Туған жер» бағдарламасы аясындағы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын 2021-2022 оқу жылында жүзеге асыру жоспары
18.01.2021
2 қаңтар: 1 сынып оқушылары «Қысқы өрнектер» атты іс-шара бойынша жаңа жылдық безендіру барысында қолдан қиып жасаған бейнежазбада өз өрнектерімен бөлісті.
18.01.2021
Қарашілік орта мектебінде 1-10 сынып аралығында «Отбасы құндылықтары» тақырыбы бойынша тәрбие сағаты өтті. «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге үйрету; Ата - ана және бала қарым - қатынасын өзара байланысын қалыптастыру, отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту; Отбасы тәрбиесінің мән - маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салт-дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау мақсатын көздеді. Әр оқушы өз отбасы туралы бейнежазба жасап, интернет желісіне жүктеді.
18.01.2021
6 қаңтар: 4-сынып оқушылары «Отбасылық шеберхана» іс-шарасы бойынша, жас аспазшылар жаңа жылда жасаған тағамдарын көрсетті.