Текст
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде Парламент президентін және «Жас ұлан» балалар ұйымының Ұланбасын сайлау өтті. Сайлауға 8-сынып оқушысы Мукашева Аделя мен 9-сынып Абдосова Гүлназ ұсынылды. Сайлау мектеп оқушыларының дауыс беруі және инстаграм желісінде лайк арқылы есептелді. Комиссия мүшелері - Жуманов Қ.А. пен Махметова К.Т әр дауыс берушіге бюллетен таратып сайлаудың әділ өтуін бақылады. Нәтижесінде Абдосова Гүлназ жеңіске жетіп, парламент презитенті болып тағайындалды.