Текст
29.12.2025
26 желтоқсан Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 5–11 сынып оқушыларының қатысуымен Жаңа жылдық мерекелік кеш ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Кеш барысында оқушылар түрлі қызықты ойындар ойнап, ән айтып, би билеп, өнерлерін ортаға салды. Сыныптар арасындағы белсенділік пен ұйымшылдық ерекше байқалды. Мерекелік безендіру мен әсем музыка кештің сәнін артты. Оқушылар жаңа жылды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Ұйымдастырушылардың еңбегі мен жауапкершілігінің арқасында кеш әсерлі әрі есте қаларлықтай өтті.
https://www.instagram.com/reel/DSxg8chiIbK/?igsh=MWowbGd4YWk1YWFneg==
29.12.2025
Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ұсынылған деректі фильмдер мен бейнероликтерді мектеп оқушылары көрді. Көрсетілім оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/reel/DSvGHeMgFVA/?igsh=aDBiazBsb291Nndh
29.12.2025
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде зум арқылы ДЧС қызметкерлері 7-11 сынып оқушыларына арналған балалар қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізді. Іс-шара барысында төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде маңызды мәліметтер берілді. Оқушылар белсенді қатысып, пайдалы ақпарат алды.
https://www.instagram.com/p/DSvGDk8AFz3/?igsh=YWQ4N2hzYjYyOGg0
17.12.2025
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні құтты болсын! Еліміз тыныш, көк байрағымыз биік, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болғай!
https://www.instagram.com/reel/DSRgxJ8CJP1/?igsh=MXZpYTcwZmhpdGU4aQ==
17.12.2025
Қарашілік ауылының жалпы орта білім береті мектебінің 3–4 сынып оқушылары арасында «Қазақстан Тәуелсіздігі - мемлекеттің тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты сынып сағаты өтті. Оқушылар еліміздің тарихы, тәуелсіздік жолындағы ерлік пен елдік туралы мағлұмат алды. Тәуелсіз елдің ұрпағы – білімді, саналы болсын!
https://www.instagram.com/reel/DSRahi4ir4u/?igsh=bDNma2VnaXVibnA5
17.12.2025
“ЖЕТІСТІГІМДІ ЕЛІМЕ АРНАЙМЫН" ЧЕЛЛЕНДЖІ "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде "Бірлік және ынтымақ" айында мектебіміздің 3-сынып оқушылары 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіздік -елімнің ерік жолы!" атты іс-шаралар жоспары аясында "Жетістігімді еліме арнаймын" челленджіне қатысуда.
https://www.instagram.com/reel/DSRaWiJCnkw/?igsh=MTRtMXNsMnJvbjAwcA==
17.12.2025
12 желтоқсан күні Даярлық сыныпта Кульмагамбетова Н Р ата- аналар жиналысын өткізді.
https://www.instagram.com/reel/DSMb2MJCEDA/?igsh=MTlsNzdxY3JwcjUz
17.12.2025
12 желтоқсан күні біздің мектебімізде Егемендік елдің-баға жетпес байлығы атты 8-11 сынып араларында пікір талас өткізілді. Оқушылар Егемендік,Тәуелсіздік туралы өз ойларын ортаға салды. Сайыс барысында жақтаушы топ жеңіске жетті.
https://www.instagram.com/reel/DSKfvbACphk/?igsh=d2R4OGs4NzBsamV2
17.12.2025
10 желтоқсан күні Қарашілік ауылының ЖОББМ-де “Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн” халықаралық кампаниясы аясында ата-аналарға арналған жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында ата-аналарға зорлық-зомбылықтың алдын алу, бала қауіпсіздігі, эмоционалды қолдау және отбасы ішіндегі сенімді қарым-қатынас орнату тақырыптары түсіндірілді. Педагог-психолог Маткенова К.С. ата-аналармен бір-неше тренингтер мен интерактивті жаттығулар жүргізді: “Сұрақ -жауап” – ата-аналар жылдам ойлану, дұрыс шешім қабылдау және түрлі жағдайларда әрекет етуді талқылады; “Ашық микрофон”– қатысушылар өз пікірлерін еркін білдіріп, бала тәрбиесіне қатысты маңызды ойларымен бөлісті; «Бала қауіпсіздігі – ата-ананың жауапкершілігі» атты тренинг – отбасылық қарым-қатынаста сенім, ашықтық және зорлықсыз тәрбие қағидалары қарастырылды. Іс-шараға мектеп директоры Уалиева М.Б қатысып, ата-аналарға маңызды ақпараттар берді. Жиналыс ашық, белсенді және түсіністікке толы атмосферада өтті. Ата-аналар өз баласының қауіпсіздігі мен эмоционалдық жайлылығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерімен танысты.
https://www.instagram.com/reel/DSF2rWHABUm/?igsh=MW9zaDVjem51bGhiMQ==
04.11.2025
Қарашілік аулының ЖОББМ-де 10-11 сынып оқушыларымен “Таза планета” акциясы өтті.