Текст
    
                                
            
        13.10.2023
        28.09күні Қарашілік ауылының ЖОББ мектебінің 2-3сынып оқушылары арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмысы жүргізілді
        
        
    
        13.10.2023
        Қарашілік ауылының ЖОББ мектебінде 27.09 күні 5-10 сынып оқушылары арасында буллинг пеп кибербуллингтың алдын алу мақсатында ақпараттық жұмыс өткізілді. Іс-шара барысында: буллинг пен қақтығыс арасындағы негізгі ұғымдар мен айырмашылықтар; буллингтің салдары; буллинг пен кибербуллинг жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік; буллинг пен кибербуллинг құрбандарына психологиялық қолдау және көмек көрсету қарастырылды. Іс — шара соңында білім алушыларға буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.
        
        
    
        13.10.2023
        6.09 күні "Адал ұрпақ" клубының мүшелері "Бір пара - екі қылмыс" деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның мақсаты жастарға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға келтірер зардабы мен оған қоғамымызда жол бермеу туралы бағыт-бағдар беру.
            
        
    
        13.10.2023
        Қарашілік ауылының ЖОББ мектебінің Бастауыш сынып оқушыларына "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" деген тақырыпта ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
        
        
    
        13.10.2023
        25 қыркүйек Қарашілік ауылының ЖОББ мектебінде 2-сынып оқушылары "Ертегілер әлемінде" деген тақырыпта қызықты ертегі көріп, өз ойларын ортаға салды. Жаман әдеттердің, арам ойдың адамға қандай әсері бар екенін түсінді.
        
        
    
        13.10.2023
        Қарашілік ауылының ЖОББ мектебінде 2.10 күні  «Қариясы бар елдің - қазынасы бар » атты  мектебімізде оқушылардың орындауында ауылымыздың қарияларына арналған мерекелік концерт өткізілді.
            
        
    
        02.10.2023
        13.09 күні Қарашілік ауылының ЖОББ мектебінің 7-сынып оқушылары арасында Қазақстан халқының тілдері онкүндігіне орай «Language is the soul of the people»,  « Тіл – халықтың жаны» атты сайыс өтті.
        
        
    
        02.10.2023
        Қарашілік ауылының ЖОББ мектебінде Қазақстан халқының тілдері онкүндігінің өтуіне байланысты 1-2 сынып оқушылары арасында "Қазақ тілім-байлығым" атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.
        
        
    
        02.10.2023
        14.09 күні Қарашілік ауылының ЖОББ мектебінде Қазақстан халқының тілдері күні онкүндігі аясында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша "Қырық мысал - қырық мақал" атты квест ойыны өтті.
            
        
    
        02.10.2023
        12.09 күні Қарашілік ауылының ЖОББ мектебінің 3 – 4 сынып оқушылары арасында Қазақстан халқының тілдері онкүндігіне орай «101 жұмбақ, 1001 мақал» атты сайыс өтті.