Текст
04.11.2025
1 қараша күні күзгі демалыс кезінде бастауыш сынып оқушылары арасында “Отбасылық оқу” күні ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – отбасы мүшелерінің бірлескен оқу мәдениетін дамыту және оқуға қызығушылықты арттыру
04.11.2025
1 қараш күні күзгі демалыс кезінде оқушылармен бірге қызықты іс-шара өткізілді. Біз Қазақстан мен әлемдегі ең танымал мұражайларға Google Maps арқылы виртуалды экскурсия жасап, тарих пен мәдениетті таныдық. Оқушылар үшін білім мен әсерге толы саяхат болды!
04.11.2025
30 қазан күні Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 3-4 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге кинотеатрға барып, қызықты мультфильм тамашалап қайтты. Балалар өз демалыс күндерін көңілді әрі мазмұнды өткізді. Кино барысында оқушылар жақсы әсер алып, достарымен бірге уақыт өткізудің қаншалықты қызықты екенін сезінді. Мұндай іс-шаралар оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге, бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтуға және ұжымдық рухты қалыптастыруға мүмкіндік береді.
04.11.2025
3 қараша Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 1-11- сынып оқушыларында тәрбие сағатында “Заң және менің құқығым” атты тәрбие сағатында қауіпсіздік сабағы өтті. Оқушылар өз құқықтары мен міндеттері жайлы мағлұмат алды. Білімді бала — құқықты бала!
28.10.2025
17 қазан Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 5-11 сыныптарында «Смарт бала» жобасы аясында «Эко челлендж» өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға баулу болды.
28.10.2025
8-сынып оқушылары «Сенім мен қауіпсіздік» тақырыбында интерактивті тапсырмалар орындады. Қауіпсіз интернет — біздің ортақ жауапкершілігіміз!
28.10.2025
24 қазан күні Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың отаншылдық сезімін арттыру, ел тарихы мен тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеу болды. Концерт барысында оқушылар патриоттық әндер шырқап, еліміз туралы өлеңдер оқыды, би биледі. Әр сынып өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.
28.10.2025
Мектеп медбикесі 9–11-сынып оқушыларымен «Репродуктивті денсаулық» тақырыбында танымдық әңгіме өткізді. Кездесу барысында оқушыларға жасөспірім кезеңіндегі денсаулықты сақтау, жеке гигиена ережелері және салауатты өмір салтының маңызы туралы пайдалы ақпарат берді. Бұл әңгіме жасөспірімдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына және дұрыс өмірлік дағдылар қалыптастыруына ықпал етеді.
15.10.2025
3 қазан күні мектеп оқушылары Ұстаздар күні мерекесіне арналған мерекелік концерт өткізіп, керемет көңіл-күй сыйлады
15.10.2025
18.09 күні мектеп қызметкерлері "Таза Қазақстан" акциясы аясында мектеп ауласына сенбілікке шықты.