Текст
06.12.2024
«Ана тілім - айбыным»
11.09 күні Қарашілік ауылының ЖОББ мектебінің бастауыш сыныптар арасында Тілдер күніне орай ұйымдастырылған «Ана тілім - айбыным» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.
04.12.2024
Менің Отаным - Қазақстан!
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
02.09.2024 ж."Менің Отаным - Қазақстан!" тақырыбында бірыңғай сынып
04.12.2024
Ұлттық ойын
Бүгін, Денсаулық күніне орай, мектебімізде Асық ойындарынан жарыс өтті. Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды.
Жастардың ұлттық сана – сезімнің дамуында...
13.05.2024
"Патриот" айлығы аясында "Көктем дауысы" атты аудандық хор әндері байқауына мектебіміздің 5-сынып оқушылары белсенді қатысып, Мадақтамамен марапатталды.
13.05.2024
Республикалық экологиялық акция шеңберіндегі 2-ші аптасы "Киелі мекен" экологиялық акциясы аясында Қарашілік ауылының ЖОББ мектебінің оқушылары мен ұстаздары Көрнекті ауылындағы Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерге арналған ескерткіштің маңайын тазалау бойынша сенбілік өткізді.
13.05.2024
«Ер мен жердің жеңісі » атты 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесі мен 7 мамыр - Қазақстан республикасының Отан қорғаушылар күніне арнап концерт өтті. Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
13.05.2024
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясының "Киелі мекен" атты екінші аптасы жалғасуда.Осы маңызды іс-шара шеңберінде мектебімізде "Киелі мекен" айдарында сенбілік өтті. Мақсаты: тұрғылықты мекенді таза ұстау
04.05.2024
Бүгін мектебімізде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында мектеп директоры Уалиева Махаббат Батырбековна атқарылып жатқан іс-шаралар туралы ақпарат берді.
04.05.2024
Мектебіміздің "Edelweiss" би тобы салауатты өмір салты айлығының аясында өткен "BURABAYDANCE" аудандық байқауына белсене қатысып, 1-орынға ие болды.
03.05.2024
Мектебіміздің оқушылары аудандық "Абай оқулары" атты қазақ тілі олимпиадасына белсене қатысып, 9-сынып оқушылары Мукашева Фаиза "Абайдың қара сөздері" номинациясы бойынша - ІІ орынға, Уранова Лаура "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" номинациясы бойынша - ІІІ орынға ие болды.