Текст
11.02.2026
Қаңтардың 27-сі Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып оқушылары Ұрымқай ауылдық мәдениет үйіне барып, «Мұзбалақ» толықметражды анимациялық фильмін тамашалады. Іс-шара оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бос уақыттарын тиімді әрі мазмұнды өткізуге мүмкіндік берді.
11.02.2026
27 қаңтар күні Қарашілік ЖОББ мектебінде 5–7 сынып оқушылары арасында “Қауіпсіз маршрут” тақырыбында станциялар бойынша интерактивті ойындар өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар қауіпсіздік ережелері туралы бейнематериалдар көріп, интерактивті тақта арқылы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Ойын элементтері арқылы оқушылардың ойлау қабілеті мен қауіпсіздік мәдениеті дамытылды.
11.02.2026
Ақмола облысының Бурабай ауданы бойынша Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде Акция «Заң мен тәртіп – біздің таңдауымыз» атты тәрбие сағатты өтті.
11.02.2026
Қарашілік ауылының ЖОББМ-де “Шабыт” жобасы аясында “Қазақ есебі” челленджі өтті. 5-11 сынып оқушылары әртүлі сұрақтарға жауап беріп, белсене іс-шараға қатысты.
11.02.2026
20 қаңтар 2026 жылы, 9-сынып оқушыларымен «Мамандықтар әлемі: біз таңдайтын жолдар» мектептен тыс іс-шара өткіздік. Іс-шараның мақсаты – болашақ мамандықты дұрыс таңдау, өз қабілетімізді тану және өмірлік жолға саналы қадам жасау. Сабақ барысында оқушылар: • мамандықтар әлемімен танысты; • «Адам–табиғат», «Адам–техника», «Адам–адам» және басқа бағыттарды зерттеді; • қазіргі заманның табысты мамандықтары туралы ақпарат алды; • «Мамандық таңдаудың 7 қадамы» арқылы өз келешегіне бағыт алды; • психологиялық тест – «геометриялық фигуралардан адам салу» – арқылы мінезі мен бейімділігін анықтады. Оқушылар өз ойларын ашық білдіріп, тәжірибе арқылы өзіне лайық мамандықты анықтауға үйренді. Ж. Аймауытов айтқандай:”Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ кез келгеніне икемділік қажет” Болашақ – бүгінгі дұрыс таңдаудан басталады! Өткізген: педагог-психолог Маткенова К.С.
11.02.2026
“Қамқор” жобасы аясында қыс уақытында оқушылар пластик бөтелкеден,қатты қағаздан құстарға тамақтанатын жемсауыт жасады.
11.02.2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» айлығы шеңберінде 2026 жылғы 26 қаңтар күні білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, адалдық пен әділдік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында спорттық мереке ұйымдастырылды
11.02.2026
23 қаңтар Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып оқушылары «Балалардың көзімен – заң» тақырыбында сурет салып, өз ойларын шығармашылық арқылы жеткізді.
29.12.2025
«Қауіпсіз демалыс» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларымен сынып сағаты өтті. Оқушылар демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысып, өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңызын түсінді. Қауіпсіздік – әрқашан бірінші орында!
https://www.instagram.com/reel/DSt136lCkvI/?igsh=MXBrdTdpODM2NGNkeA==
https://www.instagram.com/p/DSuxO0SChKM/?igsh=NmQ4dWRyYTdhbmc3
https://www.instagram.com/reel/DSxgqXoCHNj/?igsh=MTd5YjBsZm15c2F4Ng==
https://www.instagram.com/reel/DS1di1Kijrq/?igsh=MTM1djYyZDJtNXZ4ZQ==
https://www.instagram.com/reel/DS1gZEJCgqs/?igsh=MW10MjdvdWhjNGx4OQ==
29.12.2025
26-сы күні Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебіміздің бастауыш сыныптарында Жаңа жылдық мерекелік кеш ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Кеш барысында оқушылар түрлі қызықты қойылымдар көрсетіп, ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Балалардың көтеріңкі көңіл күйі мен шат күлкісі мерекенің шырайын аша түсті. Сынып жетекшілері мен ұйымдастырушылардың еңбегінің арқасында кеш мазмұнды әрі әсерлі болды. Әсем безендірілген сынып бөлмелері мен мерекелік әуен балаларға ерекше қуаныш сыйлады. Жаңа жылдық кеш бастауыш сынып оқушылары үшін ұмытылмас әсер қалдырды.
https://www.instagram.com/reel/DSxim4SiEQX/?igsh=bzh0N3k3MWw1dWY=