"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Карашилик отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Абай ауылына саяхат» әдеби-сазды кеш

25.05.2020

«Абай ауылына саяхат» әдеби-сазды кеш

1-жүргізуші:

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!

Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

2-жүргізуші:

Құрметті, әдебиет сүйер қауым! Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы, биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған 

Жүрегін шырақ етіп жандырған,

Жырымен жан сусынын қандырған.

Өзіне – өзі орнатып ескерткішті,

Мұра қып, кейінгіге қалдырған.

Ерте оянып, ойланып, ержеткен,

Талабын тас қияға өрлеткен.

Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,

Өлеңнің бесігінде тербеткен.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен,

Үнінен әділдіктің лебі ескен – дегендей, «Абай ауылына» қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

 «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» демекші, Абайдың поэзиясына тоқталып кетсек. Ал, қане, кім Абай өлеңдерін жатқа айтам дейді? (Абай өлеңдерін жатқа айтқызу)

2-жүргізуші: Осы жаңағы оқылған өлеңдерден қандай ғибрат алдыңдар?

1-жүргізуші:

– Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз – ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!

Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:

  1. Абай алғашқы өлеңдерін неше жасында жазған?(10жасында).
  2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім? (Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).
  3. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим).
  4. Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата. (Үш күйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).
  5. Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі»)
  6. Абайдың жақын туысқандарының есімдері? (Өскенбай, Зере, Құнанбай, Ұлжан, балалары)
  7. Жеңгелері Абайды еркелетіп қалай атайтын еді? (Телғара)
  8. Абай Лермонтовтың қанша шығармасын аударған? (Жиырма жеті шығарма аударған).
  9. Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)
  10. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп жазған кім? (Ахмет Байтұрсынов).
  11. Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата. (Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)
  12. Абай өлеңдер жинағы қай жылы басылып шықты және қай қалада? (1909 жылы Петербургта).
  13. «Абай жолы» романын кім жазды? (Мұхтар Әуезов).
  14. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?(Алматы қаласында мүсінші- Х.Наурызбай)
  15. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды? (Абайдың ағасының баласы.)
  16.  Абайдың сүйікті ойыны (Тоғызқұмалақ)
  17. Абай қанша нәрседен қашық болуды нұсқайды?

 (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

  1. «Қара сөздер» аудармасы (Слова назидания)
  2. Абай Құнанбаев біздің заманымызда өмір сүрсе  қандай тақырыпта өлең жазар еді?

2-жүргізуші: Абай (Ибраһим) Құнанбаев - (1845—1904) ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

1-жүргізуші:

 Ал, енді ақ қағаз бен қара сияны ермек қылған, өмірден көрген, түйгенін ой елегінен өткізіп, өзіндік тұжырым жасаған Абайдың қара сөздеріне тоқталып өтелік. (Абай қара сөздерін жатқа айтқызу)

2-жүргізуші:» ...Осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі...»-деген болатын Абай 1-қара сөзінде. Ал балалар, біз жаңа өзіміз оқыған қара сөздер ішінен керекті сөз таптық па? (талдату)

1-жүргізуші: «Құлақтан кіріп, бойды алар,

                          Жақсы ән мен тәтті күй.

                          Көңілге түрлі ой салар,

                          Әнді сүйсең, менше сүй»-деп Абай атамыз айтқандай, қане ән айтатындарымыз бар ма екен ортамызда.

2-жүргізуші:

 Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған «Абай ауылына» келіп, ақынға деген кұрмет-қошеметтеріңізді көрсеткендеріңіз үшін алғысымыз мол. 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст