Текст
11.02.2021
Қарашілік орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі ашылуы өтті. Іс-шараның жүргізушілері Резабек Нурай мен Кадырбаев Бекарыстың құттықтау сөздерімен басталды. Өзін-өзі тану мұғалімі Д.И. Бралинова оқушыларды «Бөбек» қайырымдылық қорының негізгін қалаушы С.А. Назарбаеваның шығармашылық қызыметімен таныстырды. Іс – шара соңында оқушылар Сара Алпысқызына ұзақ өмір, денсаулық тілеп құттықтаулар сөздерін жазды. Санитарлық нормаларға сәйкес, онкүндіктің ашылуы оқу кабинеттерінде өткізілді.
01.02.2021
Қарашілік орта мектебінің 1-сынып оқушысы Орынбай Айзере «Топ жарған» аудандық онлайн байқауына белсене қатысқаны үшін мадақтамамен марапатталды
01.02.2021
Қарашілік орта мектебінің 9-сынып оқушысы Орынбаева Аружан облыстық ғылыми жобалар байқауынан «Қазақстанның ғылыми ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары» атты этномәдениеттану секциясының ІІ орын жүлдегері атанып, медыльға ие болды.
01.02.2021
Қарашілік орта мектебінің 6-сынып оқушысы Республикалық «Жас жұлдыз» байқауына қатысып, І орынға ие болды.
01.02.2021
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Бір шаңырақ астында» атты сурет байқауы.