«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында
Қарашілік ОМ-де 20.01-31.01.2020 күндері аралығында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналып өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат
Қарашілік ОМ-де қаңтардың 20-сы күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын тойлау салтанатты түрде ашылды. Салтанатты жиын барысында мектеп директоры М.Б.Уалиева құттықтау сөз сөйлеп, Абайдың әлем мойындап отырған даналығы, даралығы туралы айтты. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Кожикова Б.А. мен Махабанова К.А. Абайдың өлеңдерінен, қарасөздерінен үзінділер оқып, ондағы тәлім-тәрбие, философиялық тұжырымдарға тоқталды. Сонымен қатар, оқушыларды мектепте өтетін Абайдың 175 жылдық мерейтойын тойлауға арналған іс-шаралар жоспарымен таныстырды.
Жоспар бойынша салтанатты жиын «Өлең сөздің патшасы» атты Абай өлеңдерін жатқа айту челенджімен жалғасты. Абай өлеңдері бойынша жатқа өлең оқу челенджін 9-сынып оқушылары қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Махметова К.Т.-мен бірлесе отырып ашып беріп, челендж эстафетасын келесі сыныпқа табыс етті. Осы қарқынмен «Өлең сөздің патшасы» атты Абай өлеңдерін жатқа айту челенджі дүйсенбіден бастау алып, әр сынып өз сынып жетекшілерімен бірлсе отырып, жұмаға дейін жалғасын тапты. «Өлең сөздің патшасы» атты Абай өлеңдерін жатқа айту челенджі эстафетасы бастауыш сыныпқа табысталды. Сонымен қатар, 20.01.-31.01 аралығында «Ұлылардың ұлысы - Абай» атты тақырыппен 1-9 сыныптарда сынып сағаттары өткізіліп, «Абайды тану – өзіңді-өзің тану» деген айдармен кабинеттерде Абайға арналған сурет –коллаж, көрме ұйымдастырылды. Осы аралықта «Абайға арнау» атты авторлық өлең, эссе сайысы да ұйымдастырылды. 31.01.2020 күні Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шарамыз квест ойынымен жалғасады. Олар «Абайды тану», «Көңілім әнді сүйеді», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Абайға арнау» деп аталатын 4 бекеттен тұрады.
Мектеп кітапханашысы Бралинова Д.И. кітапханада «Абай әлеміне саяхат» атты кітап көрмесін және «Ұлы халықтың ұлы Абайы» атта қабырға газетін рәсімдеді
Кейбір жоспарланған іс-шарамыз ауа-райының қолайсыздығына байланысты өтілмей, келесі аптаға қалдырылды.
Орындаған: Кожикова Б.А.