Карашілік орта мектебінің ұжымы 2025-2026 оқу жылында мектепте бастауыш буында 4 мұғалім жұмыс жасайды. Қазан айында аудандық жоспарға сәйкес бастауыш сыныптардың онкіндігі өтті. Онкүндік барысында біршама жұмыстар атқарылды. Ашылу салтанаты, пәндік олимпиада, суреттер сайысы, тірі сөз сайысы, мұғалімдер жасанды интелектіні қолдана отырып ашық сабақтар өткізді, дене шынықтыру мұғалімдері ұлттық ойындар өткізді. Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау қабілетінің қалыптасуына жағдай жасалды.
“Мұғалімдердің сандық шеберханасы” тақырыбында шеберлік сағат өтті.
Шеберлік сағатты бастауыш сынып мұғалімі Хайбулина Г.С. өткізді.
Сабақ барысында Хайбулина Г.С интерактивті платформаларды тиімді пайдалану жолдарын көрсетті.
Атап айтқанда, келесі цифрлық құралдар таныстырылды
Classroomscreen ,
Менталды карта ,
Тарсия (Tarsia)
Рахимова Б.А мен Сақытжан Т.Н Gemini AI ,D-ID• платформалары жайлы тәжірибелерімен бөлісті.
ЖабагиеваА.Е-Padlet,Kahoot,Sketchfab,Pixverse , Google Gemini атты әдіс-тәсілмен бөлісті. Онкүндік өте жоғары деңгейде өтті.
Дайындаған оқу ісінің меңгерушісі К.А. Махабанова