Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болып жатқаны бәрімізге белгілі. Соның ішінде сервистік мемлекеттің тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекетті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылуда. Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімді жүйесін құру мемлекеттік аппараттың алдындағы басты мақсаттарының бірі болып табылады. 2013 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы қабылданған күннен бастап осы саладағы құқықтық қатынастарды реттейтін негiзгi принциптер бекітілді, сондай-ақ іргелі болып табылатын және Қазақстанда мемлекеттік қызметтер жүйесін реформалауда маңызды рөл атқаратын тұжырымдамалық инновациялар оқшауланды. Біріншіден, 2013 жылы Қазақстанда үйлестіру және бақылау жүргізу мақсатында денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және қамтамасыз ету, мәдениет, туризм және спорт салаларындағы құжаттандыру, рұқсат алу қызметтерін тіркеу, анықтамалық қызметтерді және т.б. қамтитын мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімі бекітілді.
Осы заңның негізінде мектебізде мемлекеттік қызмет көрсету жүйелі жұмыс жасайды. Соның бірі негізгі, орта білім туралы дубликат беру. Мектебімізде бірнешщі жылдан бері бұл қызметке сұраныс болмады.
Оқу ісінің меңгерушісі К.А.Махабанова