Қарашілік орта мектебінде
«Біздің міндет – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» атты ұранымен
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін өткізілгені туралы ақпарат
Қарашілік орта мектебінде «Біздің міндет – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» атты ұранымен
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін атап өту бойынша АӘД мұғалімі А.С. Темиров пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.А.Кожикова бірлесе отырып, Ақмола облысы білім басқармасынан келген жоспарға сәйкес мектепішілік іс-шара жоспарын құрастырды. Құрылған жоспарға сәйкес мектеп тәлімгері мен жоғары сынып оқушыларының Кеңесі жалпы мектепішілік линейка өткізді. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда оқушылардың мінез-құлық қағидалары» тақырыбы бойынша 0-11–сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары барысында бейне-роликтер көрсетіліп, төтенше жағдайлардың алдын алу және сақтық шаралары айтылды. Ал, 0-4 сыныптар арасында «Өрт – адамның досы және жауы», «Байқа, балақай!» тақырыптары бойынша суреттер байқауы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Мен азаматтық қорғаныс туралы не білемін», «Азаматтық қорғаныс не үшін керек», «Құтқарушы» тақырыбында 5-11 сыныптарда диктант, эссе жазылды. Мектеп медбикесі С.А.Ербатирова алғашқы көмек көрсету бойынша әңгімелесу ұйымдастырды. Төтенше жағдайлар кезіндегі мінез-құлық қағидалары бойынша оқушылар арасында жаднамалар, парақшалар таратылды. Мектеп кітапханашысы Д.И.Бралинова «Баршаңыздың назарына!» деген атаумен стенд рәсімдеді. Сонымен қатар, АӘД мұғалімі А.С.Темиров пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.А.Кожикова бірлесе отырып жалпы мектепішілік төтенше жағдайлардың қаупі және туындауы жағдайында шұғыл түрде персонал мен оқушылардың іс-қимылдарын пысықтау мақсатында эвакуациялық жаттығу өткізілді.
Орындаған ДТІЖО Кожикова Б.А.