"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Карашилик отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебіндегі Қамқоршылық кеңесінің 2020-2021 оқу жылында атқарған жұмысы туралы есебі
12.10.2021
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебіндегі Қамқоршылық кеңесінің 2020-2021 оқу жылында атқарған жұмысы туралы есебі
Жыл бойына қамқоршылық кеңесінің 4 отырысы болды. Бірінші отырыста былтырғы оқу жылында атқарылған жұмыстарға талдау жасалынып, жаңа 2020-2021 оқу жылындағы Қамқоршылық кеңесінің құрамы анықталды, жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспары құрылып бекітілді.
Сонымен қатар, мектептің жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындығы, штаттық режимде оқыту барысындағы қазіргі эпидемиялық жағдайға байланысты санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы тексерілді.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, болашақ бірінші сынып оқушыларына оқу құралдарымен көмек көрсетілді.
Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары төмен отбасылардың балаларын тегін ыстық тамақпен, киіммен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету үшін сынып жетекшілермен бірлесе отырып, осы санаттаға балалардың тізімін қарастырды.
Екінші отырыста мектеп директорының мектептің І жарты жылдықтағы жұмысының есебі тыңдалды. Жаңа жыл мерекесіне демеушілерден келген көмек қаржысын аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға бөлінуін қарастырды.
Үшінші отырыста жаңа 2021 жылға облыстық, аудандық бюджеттен бөлінген жалпыға міндетті білім беру қаражатын әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары төмен отбасылардың балаларын тегін ыстық тамақпен, киіммен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету үшін дұрыс бөлінуін қарастырды.
Мектеп психологы, мектеп медбикесі, сынып жетекшілерімен бірлесе отырып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жұмыстарын жүргізді.
Төртінші отырыста оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша аз қамтылған отбасының бір оқушысын сыртқы сауықтыру шипажайына жіберуді ұйғарды және мектеп жанындағы сауықтыру алаңының жоспарын құрысуға атсалысып, мектеп оқушыларының жазғы демалыспен қамтылуын қамтамасыз етуді жоспарлады.