БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІНЕ АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САБАҚ
Педагог-психолог: Маткенова Каиргуль Сагатовна
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
Сабақтың мақсаты: оқушылардың бір-бірімен, мектепте өзін-өзі ұстау ережелерімен таныстыру.
Көрнекі құрал-жабдықтар: Оқушыларға ережелерді еске түсіретін белгілер; диаметрі 10-12 см дөңгелек қағаздар; 7-10 минуттық әуен;
Сабақ барысы:
Психолог: Сәлеметсіздер ме, балалар! Біз бүгін қағидаларымен танысамыз. Бастайық.
Ұйымдастыру жаттығу: Сезгіш қол.
Тақтаға 10-12 оқушы шығады. 3-4 тапсырманы осы топ жасағаннан кейін, бұл балалар орнына отырады, психолог келесі балаларды шақырады. Соңында бар оқушы ойынға қатысады. Олар өздерінің арасынан қай оқушының қолы ең жылы екенін табулары керек. Ең қолы жылы бала өзі бүкіл сыныптағы оқушылардың қолын ұстап, ең жылы қол сыныптағы оқушылардың ең суық қолын табу керек.
Келесі тапсырма: сыныптағы жылы бетті,құлақты,мұрынды және ең суығын балаларды сипай отырып табады.
І. Мектеп өмірінің қағидалары.
Психолог: Оқушылар ,сендер жолда түрлі белгілерді көресіңдер,олар жүргізушіге қайда жүруге болатынын, қайда болмайтынын көрсетеді. Ол белгілер- жолда жүру ережелерін білдіреді.Мектептің де өз ережелері бар.
1-белгі. Сабақ кезінде оқушыларға бір-бірімен сөйлесуге болмайды. Барлық оқушыларға бірге сөйлесуге, жауап беруге болмайды.
2-белгі. Барлығы бірге жауап бергенде ештеңе естілмейді, сондықтан да дұрыс жауапты білсең де орыннан айғайлауға болмайды.
3- белгі.Басқа оқушының сұрағына жауабын айтуға болмайды. Егер сен досының орнына жауап беріп қойса,онда оған ойлануға бермедін,сен бұнымен оған көмектесе алмайсың. Біздің сыныпта ондай балаларға орын жоқ.
4-белгі. Егер мұғалімнен бірдеңе сұрағың келсе немесе сұраққа жауап бергің келсе не істеу керек? Жауап беру үшін , қолды көтеру керек.
ІІ. Ал енді ормандағы мектепте 1- сыныпта оқитын аңдар арасында болған оқиғаны тыңдаймыз. Оларда бүгінгідей белгілерді үйрететін сабақ өтіпті. Бәрін естеріне сақтайды. Келесі күні сабақта аңдар қандай ережені ұмытып қалды, соны көресіңдер, қол көтеріп жауап бересіндер.
Орман мектебіндегі сабақ.
Таңертең аңдар сыныпқа жиналды. Қонжықтың ұйқысы ашылмаған қалпы, ал қоян секіріп сабақтың басталғанын тағатсыздана күтіп жүр. Түлкі сыныбындағы аңдарға қарап, есімдерін есіне түсіріп жатты. Қоңыра соғылды. Сабақ басталды. Сыныпқа мұғалім кіріп, оқушылармен амандасты.
- Кәне,кім маған кітаптарды таратуға көмектеседі,- деп үлгерместен аңдар орындарынан секіріп тұрып,бәрі «Мен көмектескім келеді! Мен көмектесем!» деп айғайлайды. Ал қоян мен түлкі мұғалімнің жанына жүгіріп барып, секіріп тұр. Мұғалім оларды әзер дегенде тыныштандырды. Ал сабақ әлі жалғасуда. Мұғалім аңдарға жұмбақ жасырда. Қонжық басын түлкіге иіп алып, тыңдап отыр. Түлкі сыбырлап,ормандағы ең үлкен саңырауқұлақтың өсетін жерін сабақтан кейін көрсететінін, саңырауқұлақ мына үстелдің ұзындығындай екенін айтып отыр. Мұғалім құлақ салып тыңдаңдар деді. Жұмбақ жасырып,шешімін тапқызды.
Жұмбақ: Түні бойы ұшады,тышқандарды аулайды.
Ал таң атқанда олар ұйықтайды. Бұл не?
-Қонжық сен қалай ойлайсың? Қонжық орнынан тұрып, түк түсінбейді. Мұғалім тағы сұрайды.
-Бұл түлкі, деді қонжық, мұғалім не туралы сұрағанын ұқпай. Бәрі ду күлуде. Мұғалім: қояннан жауап сұрады.Ол жауапты білмей,қыли көзімен сыныптастарынан көмектес деп сұрады. Тиын сыбырлап «Үкі» деді. Қоян қалыс естіп,түлкі дейді. Бірақ аңдар бұл сабақтан еш қызықты нәрсені үйрене алмады. Неге осылай болды? Олар қандай ережені ұмытты. Ал енді,балалар,келесі жаттығуға көшеміз.
ІІІ. «Тірі ағаштар» жаттығуы.
Өмірде жоқ нәрсені ойлайтындарды, елестететіндерді фантазер дейді. Олар ой мен құсты аңға не болмаса бір затқа айналдырып жібереді. Біз де солай істеп көрейік. Біз ағашқа айналдырайық. Мысалы: жұқа қайыңға, алма ағашына. Орындарыңнан тұрып, өздеріңді ағаш деп ойлаңдар. Қолдарыңды бұтақ сияқты биікке көтеріңдер. Жел болды, бұтақ қозғалды. Қатты жел болды, сендердің жапырақтарың-саусақтарың қозғалсын. Жел сыбырлап, бұтақтар жай ғана қозғалды, жапырақтары дыбыс береді... біз өте әсем ағаштармыз.Енді күнге қарай созыламы,қуанамыз, биік жапырақтарымыз аспанға тигенін армандаймыз. Ал қазір ақырын ғана қолымызды төмен қарай түсіріп, бұрынғы қалпымызға келеміз. Ал көңіл-күйіміз сол қалпында қалды. Рахмет!!! Орындарыңа отырыңдар.
ІV. Тапсырма: «Сыныпқа сыйлық»
Психолог оқушыларға дөңгелек қағаздарды таратады. Біз бүгін өзімізге әрі сыныбымызға сыйлық жасаймыз. Бұл сыйлық жай емес, музыкалық сыйлық. Сендер қазір әдемі музыканы естисіңдер, оны тыңдап,бұл әуен не туралы, оны естігенде қандай сурет салғыларың келетінін ойлаңдар. Мысалы: біреулерің өздеріңнің сүйікті ойыншықтарыңды, орманды, көлді салғыларың келеді. 20-25 секунд әуенді тыңдап,не елестеді,соны салады. Аяқталған суреттерден көрме ұйымдастырылады.