Жүргізуші:
Наурыз келді, мінекей,
Балалар жүр әнекей,
Қуаныштан ән салып,
Би билейік, кәнекей!
Наурыз айы тамаша,
Жар салайық жаңаша!
Мереке көп наурызда
Қуанатып балаша.
Жүргізуші: Құрметті ауыл тұрғындары, қонақтар! Наурыз мерекесі баршаңызға құтты, берекелі болсын! Ұлыс күні оң болып, ақ мол болсын! Осы бір көктемнің шуақты мейрамын тойлай отырып, біз бабалар рухына тағзым етіп, рухани құндылықтарды сақтап қалудамыз. Наурыз – ел мен елді, ұлыс пен ұлысты біріктіріп қана қоймайды.Ұлыстың ұлы күні күн мен түн теңеледі. Осы бір құбылыстың өзі оның сипатын аша түскендей.
Жүргізуші: Наурыздың 21-нен 22-сіне қараған түні даланы Қыдыр аралайды. Сол себепті осы түн «Қыдыр түні» деп аталады. Қыдыр түні Жаңа жыл табалдырдық аттап үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас» деп төрге қос шырақ жағып қойылады. Қыдыр- ата адамдарға дәулет дарытатын, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял-ғажайып бейне. Қыдыр ата даланы кезе жүріп назары Жерге түссе, оның тон кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен.
Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні даланы Қыдыр баба аралайды екен. Қыдыр баба адамдарға дәулет беріп, бақ қондырады екен. Жүзінен шуақ тараған, жанары жылы, ақ сақалды қария кейпінде көрінеді. Қыдыр бабаға жолыққан жанның бақ жұлдызы биікте жанбақ. Уа, халайық, қараңдар, Қыдыр ата келе жатыр.
Қыдыр ата: Қайрат Аубакирович
Армасың, жамағат!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Аман сақтап төл басын,
Еккен егін солмасын,
Орта толып ырысқа,
Бейбіт өмір орнасын.
Бостандықтың ордасын
Періштелер қорғасын.
Бесіктегі бөпеңнің
Бақайшығы тоңбасын.
Ұлыс күні ұл мен қыз
Тайпалдырсын жорғасын.
Көл жиналып тамшыдан
Теңіз толсын қансыған.
Атамекен тазарып
Асыға түссін алшыдан.
Бақыт ашып қақпасын,
Мәңгі-бақи жаппасын.
Пәле-жала қазақты
Іздесе де таппасын!
Әумин!
Жүргізуші: Айтқаныңыз келсін, Қыдыр ата! Халыққа дәулет дарып, бақ
қонса, сіздің шапағатыңыз деп білеміз.
Ән: «Наурыз»
Наурыз келді ал тойлаңдар жараңдар,
Келген мына мерекеге қараңдар.
Шашу шашып ақ жаулықты әжелер,
Тойда бүгін ойнап күліп тараңдар.
Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам,
Қайта оралған намысымдай наурызым,
Жаңа жыл боп қош келіпсің наурызым,
Жүргізуші:
Ұлыс күні кәрі–жас
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Арман тойы ананың,
Қуанышы ғаламның,
Қош келіпсіз, Наурыз,
Құтты болсын қадамың!
Жүргізуші: Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні - ата-баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.
Жүргізуші:
Жаңарғаны сананың,
Ұмытады мұны кім?
Ата салтын бабамның
Алып келді Ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай,
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында
Орындалды ойларын,
Құтты болсын тойларың!
Жүргізуші:
алғыс білдіреміз
Жаса, Наурыз, ойлымыз,
Жаса, көктем, тойымыз!
Ел дәстүрлі – арымыз,
Той бастығы – кәріміз.
Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзін үйімде.
Қуаныш сыйлап еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде!
1-жүргізуші:
Салт –дәстүрмен жараса
Қайта құрып жаңаша,
Жарыса өнер көрсетіп
Той тойлайық тамаша.
Кеңпейіл, дархан халқымыз,
Кеңейді дәстүр-салтымыз.
Дәстүрін елдің сыйландар,
Дәстүрлі салтты тойландар.
Орындалсын ойларың,
Тойға ұлассын тойларың!
Жүргізуші:
Туа берсін жаңа күн
Дүр сілкінсін дала бір
Құтты болсын жаңа жыл!!
Құтты болсын Наурыз – той,
Құтты болсын Жаңа жыл!
2 жүргізуші: Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Олай болса ақ сақалды аталарымыздан бата сұрайық.
1 жүргізуші: Ата салтын бабамның,
Алып келді ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай.
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында.
Береке - бірлік болсын деп,
Ауылдың алты ауызын
«Наурыз-көктем» әні.
1 жүргізуші: «Көппен біткен іс сәнді –
Көппен біткен ас дәмді»,- дей отырып сөз кезегін мектеп әкімшілігіне берсек.
2 жүргізуші: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош, сау болыңыздар, халайық!