Қарашілік орта мектебінде 2020-2021 оқу жылының қыркүйек айында
Отбасы күніне арналып өткізілген іс-шаралары туралы
ақпарат
Қыркүйек айында Қазақстанда аталып өтетін отбасы күніне орай Қарашілік орта мектебінде қыркүйек айының 10-13 аралығында «Отбасы – бақыт мекені» атты тақырыпта іс-шара жоспарланып өткізілді. Арнайы жоспар бойынша мектепішілік іс-шараға мектептің 1-10 сынып оқушылары түгел қамтылды. Жоспар бойынша 1-10 сыныптарда оқушылар үшін «Отбасым – бақыт мекені» атты сынып сағаттары өткізілсе, ата-аналар үшін «Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер» тақырыбында онлайн отырыс өткізілді. «Бақытты отбасы» айдарында 1-4 сыныптар үшін сурет сайысы, ал 5-9 сыныптар арасында эссе сайысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, оқушылар өз отбасылары туралы «Мен және менің отбасым» деген тақырыпта бейне-ролик жасап, әлеуметтік желіге жүктеді. Мектеп оқушылары тек мектепішілік іс-шаралармен ғана шектеліп қалмай, аудандық мәдениет үйі ұйымдастырып өткізген іс-шараларға да (эссе, мәнерлеп оқу, т.б сайыстары) атсалысты. Осы өткізілген барлық іс-шаралар оқушыларға ұлттық тәрбиені, отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында өткізілді.
Орындаған: Кожикова Б.А.