Текст
09.11.2021
Дойбы ойыны бойынша облыстық оқушылар арасындағы “Жастар” спартакиадасы болды
Дойбы ойыны бойынша облыстық оқушылар арасындағы “Жастар” спартакиадасының аудандық жарысында Қарашілік ауылының ЖОББ мектебінің 4 оқушысы қатысып, 25 мектеп арасынан біздің оқушылар командалық II орынға ие болды. Құттықтаймыз💐
1. Қабылбек Жанел 8- сынып
2. Абышева...
20.10.2021
Мұғалімдер күні
Ұстаздар күні мерекесіне қарсы мектебімізде «Ұстаз – ұлы тұлға» атты шағын мерекелік концерт өтті. Мектеп мұғалімдері бір күн оқушы рөлінде, ал 9-11 сынып оқушылары мұғалімдердің рөлінде болды. Жоғары сынып оқушылары таңертең ұстаздарды әдемі әсем әуенмен...
07.10.2021
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп Президентін сайлауға байланысты үміткерлерге дауыс беру өткізілді. Дауыс беруге 5-11 сыныптармен қатар мектебіміздің ұстаздары да қатысты. Үміткерлер өздерінің бағдарламаларын оқушылармен бөлісіп және интернет желілеріне жариялады. Мектеп директоры Уалиева М.Б. үміткерлерге сәттілік тілеп, құттықтап өз таңдауын жасады. Комиссия төрайымдары Қайрат Жумадилович пен Күнсұлу Төбетовна әр дауыс берушілердің аты-жөндерін жазып алып , бюллетендерін берді. Мектебіміздің оқушылары сайлауға бір адамдай жұмыла қатысты.
01.10.2021
"Мектепке жол" акциясы барысында "Журавлёвка-1" ЖШС мен жеке кәсіпкер Кабдуллинов Қажымұрат Карімұлының демеушілік етуімен 1- сынып оқушыларына сыйлыққа кеңсе құралдары табыс етілді.
17.09.2021
Қарашілік ауылының жалпы білім беретін мектебінде 1 қыркүйек білім күніне орай 1-ші және 11 сыныпта сап түзеу өткізілді. 11 сынып оқушылары 1 сыныпқа әліппе табыстап өз тілектерін білдірді. Ал 2-10 сыныптар аралығында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» атты сынып сағаттары өткізілді. Ол сынып сағаттарында оқушылар тәуелсіздікке байланысты өлең шумақтарын оқыды, суреттер салды, Тәуелсіздігіміздің 30 жылында Қазақстан Республикасы қандай жетістіктерге жеткені жайлы оқушыларға түсіндірілді.
16.09.2021
қоңырау шалу тегін
10.09.2021
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-11 сыныптар арасында «Кіші жүздің биі – Әйтеке би» тақырыбында көркемсөз сағаты өткізілді. Оқушылар қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан атақты үш бидің бірі мемлекет қайраткері Әйтеке би туралы толық мәлімет айтып, бидің шешендік мұраларынан көрініс қойып, шешендік сөздерін жатқа айтты.
14.07.2021
Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шаралар
№ исх: 15-6/750 от: 09.07.2021
№ вх: 5798 от: 12.07.2021
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ
КОМИТЕТ ПО ОХРАНЕ ПРАВ ДЕТЕЙ...
26.06.2021
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 26 мамырдан бастап 18 маусымға дейін жазғы мектеп жұмыс істеді. Ата -аналар ұсынысы бойынша математика, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінен сабақтар өтті. Жазғы мектепке 9 оқушы қатысты. Сабақтың үстінде математикадан З.А. Исмаилова, орыс тілі және әдебиетінен К.С. Абильдина, ағылшын тілінен Н.К. Аубакирова әр түрлі әдіс тәсілдерді пайдалана отырып оқушылардың білімдерін толықтырды. Ата-аналардың пікірі бойынша жазғы мектепте балалар меңгермеген тақырыптарды түсініп өз білімдерін бекітті.
14.06.2021
11 маусым «Айгөлек» мектеп жанындағы алаңда және «Арай» тілдік мектебінде «Біз арманшыл баламыз» атты күн болды. Балалар өздерінің армандарын айтып, қағаз бетіне түсірді.