"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Карашилик отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.05.2017

Желбіре, Жеңіс жалауы!

 

2-жүргізуші:  Құрметті, Қонақтар! Ұлы Жеңіс күнінің 72  жылдық мерекесі баршаңызға құтты болсын! Бұл мереке кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп,барша адал ниет адамзатты тағы да бір қуантады. Иә, осынау ұлан – ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз? Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.

  ҚР-ның Әнұраны

  1-жүргізуші: Құрметті Бейбіт елдің тұрғындары! есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, тарих

бетінде бұл соғыс «Батыр» деп жазып кетті. Батыр ағаларымыз бен әкелеріміздің ерлігін ешкім де, ешқашан ұмытпақ емес. Олар еліміздің бақыты үшін, ерлікпен қаза тапқан. Кіндік кескен жері, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп жалын кешкен ер –азаматтар әр уақытта естен шықпайды. Бүгін сол жауынгерлер рухына бас иіп, еске алуға тиістіміз.
Ұлы Отан соғысында еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бақыты үшін ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіз тұрып еске түсірейік

  Құттықтау сөзі мектеп директорына Махаббат Батырбекқызына беріледі

 

 

1-жүргізуші: Бұл Жеңіс бізге оңай келген жоқ, ата – бабаларымыздың сан ғасырғы ерен еңбегі мен қан төгістің арқасында келді

Ақ найзаның ұшымен , ақ білектің күшімен ата- бабаларымыз ұлан – ғайыр осынау жерімізді аман  сақтап бізге аманат еткен. Сол батырларға құрмет көрсету – бізге міндет.

 

2-жүргізуші: Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне!

Аспан бетін қаптаған қара тұман

Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!

 

1-жүргізуші: Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті!

Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті!

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

2-жүргізуші: Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,

Халқымыз қуанышты тегіс бүгін

Жауды жаншып, Отанды азат еткен,

Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін,-деп ақын жырлағандай, біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас күнге 1945 жылдың 9-мамырында қайта оралтады

1-жүргізуші: Иә, содан бері 72 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап, қол қойды. Ал, 9 мамыр күні бұрын-соңды болмаған 1000 зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді.

2-жүргізуші «Жеңіс» деген – жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы,

Күрескердің арманы мен ұраны

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

1-жүргізуші: Шынында бұл-оралған мыңнан бірің,

Бақ нұрына жүзіңді туған күнің

Жеңіс күні өзіңдей көзі тірі,

Майдангерлер бәріңнің туған күнің.

2-жүргізуші: Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,

Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте

Отанының бақыты үшін мерт болған

Батырларды есіңде ұста, құрметте!

1-жүргізуші 72 жыл бейбіт көктем таң атқалы,

72  жыл шуақты күн таратты әнін

Елімде сонан бері 72 рет

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

Талай құс содан бері қайта оралды,

Соғыста өлгендер тек оралмады.

2-жүргізуші: Сен неткен Отан-анам, ғажап едің,

Әсемдеп көркем тілмен жазар едім,

Болашақ ұрпағының бақыты үшін,

Жайнай бер, ұлы Отаным-қазақ елім.

1-жүргізуші: Шығыстың қос шынары .

Әлия, Мәншүк қайсар гүлі қазақтың.

Ерлігіне таң қаламын ғажап тым.

Солар төккен қызыл қанның арқасы,

Қазақстан аспанында азат күн.

1-жүргізуші: Жеңіс бізге атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты.

2-жүргізуші: Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Осы тілекпен барша халайық түрегел!

Просмотров: 333


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст