"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Карашилик отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

15.05.2017

Жүйріктен  жүйрік озар жарысқанда.

         Сәуірдің соңында қыздар арасында Николаевка ауылында Ұрымқай, Кіндікқарағай, Николаевка және  Қарашілік ауылдары арасында волейбол жарысы өтті. Ойын барысында барлық командалар өздерінің дайындалғандарын, қаншама күш – жігерлерін жұмсағандарын көрсетті. Жарыстың аты жарыс. «Жүйректен жүйрік өзар жарысқанда,» - демекші  4-орынды Ұрымқай, 3-ші орынды Кіндікқарағай, 2-ші орынды Николаевка мектебі және 1 – ші орынды Қарашілік орта мектебінің қыздары өздерінің қанжығаларына байлады. 1-ші  орынмен біз «Жастар - 2017» спортакиадасына жолдама  алдық. Сөйтіп аудандық жарыста мектебіміздің намысын қорғадық. 20 мектептің арасында қыздар құрама командасы 2 дүркін аудан чемпиондары атандық. 2-ші орынды Ақылбай мектебі, 3-ші орынды Зеленый бор мектебі иеленді.

Бұл еңбек бізге жай келген жоқ. Осындай биік шыңға жетуіміздің бірден – бір себебі ол әрине  жаттықтырушымыз Куандыков Оразбек Базарұлының ерен еңбегінің арқасы. Біз болашақта Оразбек Базарұлына биік жетістіктерге

жетуіне тілектеспіз. Мен өз атымнан команда қыздарына талмай еңбектенгендеріне,  шыдамдылық танытқандарына, өздерінің алтын уақыттарын бөліп  жаттыққандарына капитан командасы ретінде алғысымды білдіремін. Әрқашан осындай биік шыңдарды бағындыруларына тілектеспін. Спорт – денсаулық кепілі, дегендей денсаулығымызды күннен – күнге нығайта түсіп, шыңдай берейік!

Просмотров: 451


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст