"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Карашилик отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер апталығының онкүндігі

14.03.2019

Қарашілік орта мектебінде Елбасының «Болашаққа бағдар; Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 29 қаңтарда гуманитарлық бағыттағы пәндердің «Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі» атты апталығының ашылу салтанаты болды. Жүргізушілер пәндер алыптарына, атап айтатын болсақ, қазақ тілі, орыс тілі, тарих, ағылшын тілі пәндеріне сөз берілді. Сонымен қатар оқушыларды апталық жоспарымен таныстырылды. Апталықтың бекітілген жұмыс жоспарындағы барлық сабақтар мазмұнды, мағыналы, сапалы өтті.

Атап айтсақ: тарих пәні мұғалімі Жұманов Қайрат Аубакирович 8-сыныпта қазақстан тарихы пәнінен 1867-1868 жылдардағы реформа, орыс тілі мұғалімі Абильдина Кульмайда Сапарбековна 5-сыныпта «Сказки о художниках. Личные местоимения», ағылшын тілі пәні мұғалімі Мархмадова Гульнар Қайратовна 9-сыныпта «A tragedy in the air» , қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Махметова Кунсулу Тобетовна 6-сыныпта С.Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесі бойынша, ал мектебіміздің ең жас ұстазы Аубакирова Назым Қайратовна 4-сыныпта «Astana» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Ұстаздар өз сабақтарында жаңартылған бағдарлама бойынша белсенді әдіс-тәсілдерді қолданып, сабақ мақсаттарына жетті. Сабақта оқушылардың білімдерін, ынталарын дамыту мақсатында «Домино», «Карусель», «Алея падежей», «Ментальді карта», «Попс формуласы», «Рефлексиялық шеңбер», «Хан жарлығы», «Айналмалы бекеттер», »Аквариум», «Атмосфера орнату», «Аяқталмаған сөйлем», т.б. әдістерді қолданып өз жетістігіне жетті. Балалар ойларын анық, нақты дәлелдермен келтіре отырып, тақырыптың мазмұны мен идеясын жан-жақты айтты. Сонымен қатар аудио, видеолар көрсетіліп, жаңартылған әдістерді барынша қолданды.

6-8 сыныптар арасында орыс тілінің мұғалімі «Турнир знатков русского языка» атты сыныптан тыс сабақ өткізді. Сонымен қатар жоғарғы сыныптар арасында «Тіл дарыны» сайысы өтті.

Апталық өз дәрежесінде өткізіліп, әр пән мұғалімдеріне талдау жүргізілді. Кемшіліктер мен ұсыныстар айтылып, түзету жұмыстарын жүргізу талап етілді.

Просмотров: 486

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст