Ана туралы
Мәңгі жарық күн сыйлаған маған
Шырағым бір өзіңсің анам
Мейрімімге толы құшағыңнан
Жүрегіме жылуыңды алам
Немере, шөбере сүйер деп армандаймын
Өміріңіз ұзақ болсын деп ойлаймын
Анашым мың ғасыр жасасаңда
Мен сізді ешқайда да қия алмаймын
Өмір сыйлап мәпеледің
Ұл, қызыңды мақсатыңа жетеледің
Жылы сөздерің қазынасы жүрегімнің
Өзің барда бұл өмірде
Дәрежем биік өзгелерден
Өміңдің көрген талай зардабын
Анадан кім аяйды қолда барын
Ананың ақ тілегін өтеу парыз
Мен бүгін анамды ойлап толғанамын
Біз үшін көз ілмей таңдарда
Тәңірден сұрадым мол бақыт
Өмірін арнаған жандарға
Қимаймыз арнауға сәл уақыт
Осынау бес күндік жалғанда
Ана мен әкеден асқан жан барма
Мен үшін анашым
Ең биік тұлғасын
Бұл өмір анасыз
Қылмасын баласыз.
Теміртасова Ақбота
8сынып
Анама
Аяғынан жұмақ кілті табылар,
Құшақтаса дертім менің басылар
Көңілі пәк, жүрегі таза бұл жанға
«АНА» деген атауы жарасар!
Көктемдей нұрын шашатын,
Ашуын лезде басатын,
Нұр себетін әлемге,
Аяулым менің анашым!
Жаны нәзік, көңілі кең асылым!
Жүрегі үлкен, жетім қылмас баласын.
Бұл әлемді жетті айналып шықсамда,
Таба алмаспын жүрегіме панасын.
Тас жүрек адамды ана деуге болмайды,
Жақсы ана, өз баласының көз жасына қалмайды.
Шыр шыр еткен бауыр еті баласын,
Жақсы ана сәбиін далаға тастауға қимайды.
Менің анам осындайға бармаған
Анашым көз жасымды менің қаламаған.
Үш рет Меккеге арқалап апарсам да,
Өтелмес мәңгілік перзенттік парызым!
У Лаура
4 сынып
Анашым
Анашым менің анашым,
Күн нұрыңды шашасың!
Ақ сүтіңмен өсірдің,
Риза болдым сол үшін.
Ана бізді еркелетіп,
Құлыным деп, ботам деп,
Әр жылаған кезімде,
Жұбататын өзің де.
Анашым деп еркелеймін,
Жан ашырым деп қуанамын.
Әр атқан күнің
Арайлы болсын,
Жан Анам!
Жаслан Ерасыл
4 сынып
Ана
Аялап өсірген,
Анасың сен ғана.
Бірге ойнап жүрген,
Мәңгі дос сен ғана.
Ұзақ жүріп қасымда
Қартаймашы анашым!
Қиындықта көмектескен
Ауырмашы Ана!
Қанша жыл қасымда жүрсең!
Мен сонша өмір сүрем!
Аялайтын сен ғана!
Жас болып жүрші Ана!
Мұқаш Фаиза
4 сынып
Анашым менің анашым!
Анашым менің анашым,
Жаныма жақын панасың.
Жүректе мәңгі қаласың,
Әр дайым аман боласың.
Ана тұрады үш сөзден,
Аяулым, нәзігім, ардағым,
Сенсің бақыт сыйлаған.
Күнім, айым, жұлдызым
Рахмет саған, анашым!
Орынбай Аяулым
4 сынып
Ана
Әр адамның анасы бар аяулы,
Менің анам бар, гауһардай бағалы.
Кішкентайдан өсірдің мәпелеп,
Енді айтам тек сізге, рахмет деп.
Анашым, менің анашым!
Өмірдегі панасың.
Хош иісті гүлдейсің,
Мәңгі өмір сүргейсің.
Р Аяулым
4 сынып
Ана
Мәпелеп мені өсірген үшін,
Сізге алғыс айтамын.
Өмірде сізге бақыт тілеймін,
Сүйікті менің анашым!
Қымбатты менің анашым!
Гүлдей жайнай беріңіз.
Өмірде әкем екеуіңіз,
Тату өмір сүріңіз
Қабылбек С
3 сынып
Анашым
Мен айтатын жақсы сөздер көп еді
Мен де анамды жақсы көрем себебі
Алғашқы сөзім анашым!
Тәрбиелеп өсірген анамсың.
Ауырмашы, қартаймашы ешқашан
Денсаулығың мықты болсын әрқашан
Қиындық болмасын әрдайым
Шын жүректен айтайын
Сағымбай Аян
4 сынып
Ана
Ана, ана, анажан,
Алыс кетсем сағынам.
Ананы қуантуға,
Асығады бар бала.
Орның бөлек әрқашан,
Баланың қуанышы,
Ананың жетістігі
Алпысова Аружан
1 сынып
Анама
Маған өмір сыйлаған,
Аялап мені өсірген,
Қымбатты менің анашым!
Еркелікті кешірген,
Анам менің әдемі.
Бар әлемде ең сұлу,
Жүрегі біз деп соғатын,
Мейірімді, кең, сұлу!
1 сынып
Ана
Анам менің құндызым!
Анам менің жұлдызым!
Рахмет айтып жүреміз,
Бақытты өмір сүріңіз!