"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Карашилик отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Төрлет, Әз - Наурыз!

06.04.2019

Төрлет, Әз  - Наурыз!

Ұлыстың Ұлы күні – әз Наурыз мерекесін Қарашілік орта мектебінде мектеп директоры Махабанова Күлшат Аманжолқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кожикова Бағдат Абышқызы, «Алтын Бидай-2020» ЖШС-ның басқармасы Қапезов Қайролла Қалымұлының ұйымдастыруымен және сынып жетекшілерінің, «Мирас» шағын орталығы және мектеп қызметкерлерінің белсенді атсалысуымен бірігіп өткізілді.  Мектеп алаңында ақ шаңқаң киіз үй тігілді. Наурыз жыл басы Қыдыр атаның келуімен басталды. Ақ боз атқа мініп келген Қыдыр атаны (тарих пәнінің мұғалімі Жұманов Қ.А.) мерекеге жиналған қауым қошеметпен қарсы алды. Қыдыр ата мерекеге жиналған қауымға ақ батасын берді. Киіз үйде Ленина көшесінің тұрғындары Мукашева Батеш, Қуанышева Ләззат, ал Школьная көшесінен Оспанова Сайран, Аяпова Мынаура, Мусина Роза әже, Махабанова Роза апай, Құлмағамбетова Әсел қызымыз дастархан жайып, наурыз көже таратты. Тойға келген ауыл қариялары  наурыз көжеден дәм татып, ел мен жердің амандығын тілеп, баталарын берісті.

Наурыз – думанға жиналған қауымды мектеп директоры Махабанова К.А. жылы қарсы алып, әр шаңыраққа береке, бірлік, ырыс тіледі. Мектеп оқушылары ән салып, би билеп, әртүрлі қойылымдар қойып, қазақ халқының бірнеше салт-дәстүрлерін көрсетті. Ауыл әжесі Кангужина Бақыт, Мукашева Қазина апай және т.б ауыл тұрғындары  тойға шашуын шашып, «бесікке салу», «тұсаукесер» дәстүрлерін көрсетті. Сонымен бірге ұлттық ойындар ойнатылып, спорттық шаралар өткізілді. Атап айтатын болсақ, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, арқан тарту, асық, дойбы ойындарынан жарыстар тойдың көркін қыздырса, оның арты «қаражорға» биіне ұласты. Сайыстардан жүлделі орын алғандарға бағалы сыйлықтар беріліп, мадақтамалармен марапатталды.

Наурыз мерекесін ұйымдастыруға белсене ат салысып, демеушілік көрсеткендер жеке шаруа қожалық иелері Ғабдуллин Қажымұрат, Хаметов Ғалым, Ұрымқай ТОО «Алтын Бидай 2020» жеке шаруашылық иесі Радченко А.Н., Қарашілік ауылының басшысы Қапезов Қайролла, Жаналин Сабыр, Тангиев Руслан  сынды ағаларымызға алғыс білдіреміз.

Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын. Ақ мол, жыл ырысты болсын!

Қарашілік орта мектебінің ұжымы.

 

Просмотров: 391


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст