"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Карашилик отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Бір күн ауылда" акциясы

20.05.2019

Рухани жаңғыру бағдарлама аясындағы "Бір күн ауылда"акциясына  Қарашілік орта мектебі де ат салысты. 20 мамыр Щучинск қаласының №6 орта мектебінің 5,8 сынып оқушылары Қарашілік пен Көрнекті ауылдарының тұрмыс-тіршілігімен танысты. Мектеп иоқушыларды әнмен қарсы алып, ары қарай фуршетпен жалғасты. Кейін мектеп психологы Маткенова Қ.С танысуға байланысты қызықты тренинг өткізді. Оқушылар 3 топқа бөлініп КВЕСТ ойыны ойналды. Ойын 4 бекеттен тұрды. Өзін-өзі таныстыру бекетінде оқушылар топтарына ат қойып, ұран құрастырды. Музыкалық бекетте ауылға байланысты караоке әнін хормен айту. Сурет бекетінде ауыл тақырыбында сурет салып қорғау. Салт-дәстүр бекетінде жазылған қағаздағы салт-дәстүрлерді айтып беру. Топтар бірлесіп жұмыс жасап бекеттерден 20 балл алып, барлық топ жеңіске жетті. Жеңіс сыйлығына ерекше торт  тарту етілді. Кейін оқушыларды спорт залына апарып қазақтың ұлттық ойындары бес асық пен ханталапай ойындарымен таныстырылып ойнатылды. 13.00-де түскі астарын ішіп болған соң оқушыларды далаға шығарып, тарих пәнінің мұғалімі Аубакиров Қ.А жылқы баптау рәсімін көрсетіп, оқушылар ат үстінде қалай отыру керектігін түсіндірді. Оқушылар ат үстінде жүріп ерекше әсер алды. Болғаннан кейін Көрнекті ауылындағы үлкен кәсіпкер Қажымұрат ағамыздың "Кәрім" шаруашылығына бет алдық. Қажымұрат аға барлықтарымызды жылы жүзбен қарсы алып, осы дәрежеге қалай жетуге болатынын түсіндіріп айтты. Оқушылардың қызыққаны соншалықты бірінен соң бірі сұрақтарын жаудыртты. Бұл ерең еңбектің наны, дәмі қандай болатынын үйіндегі жайған дастарханнан көрсетіп, дәм татқызды. Яғни нағыз қазақ халқының дастарханында не болу керек соның барлығы болды. Балалар айранын, май-қаймағын, құрт-ірімшігін сүйсіне жеді. Балалар үлкен әсер мен жақсы көңіл күй алып, өздерінің ізгі ниеттерін білдіріп кетті.

Просмотров: 490


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст