05.02.2018 жылы бастауыш сыныптарда 2,3,4- сыныптарда «Қызыққа толы бұл әлем» атты видео сабақ өткізілді. Сабаққа барлық оқушылар қатысты. Сабақта әртүрлі видеолар көрсетілді.
«Қызыққа толы бұл әлем» өзін-өзі тану пәнінен видео сабақ
Сабақ мақсаты: Табиғатқа қамқорлық жасауға баулу арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
1.Табиғатты аялай білуге, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға үйрету.
2. Мейірімділік сезімдерін дамыту;
3. Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) интерактивтік тақта, видеолар, ,ватман, маркер,түрілі- түсті қағаздар, нақыл сөздер дер
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: Қамқорлық жасау, сүйіспеншіліқ, мейірімділік.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену
Дәйек сөз:
«Қиянат жасамау шексіз сүйіспеншілікті білдіреді, өз кезегінде шексіз жанашырлықты білдіреді»
Махатма Ганди
1. Балалар сендер қиянат жасамау дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Қиянат жасамау үшін не істеу керек?
3.Табиғатқа қиянат жасамау дегенді қалай түсінесіңдер?
Яғни, біз барлығына қайырымдылық жасасақ, әрбір жасаған ісіміз бізге жақсылық пен қуаныш алып келеді. Гүлдерге, жан - жануарлар мен өсімдіктерге, тіпті үстіміздегі киімге, отырған орындығымызға, мектебімізге жақсы қарайтын болсақ, олар да бізге рахметін айтады. Ұстаздарымыз бен ата - анамызды тыңдап, айтқанын орындайтын болсақ, ол біздің оларға қиянат жасамай, қайырымдылықпен қарағанымыз болады.
Қиянат жасамау дегеніміз ол:
Жақсы ой ойлау - әлемге қиянат жасамау,
Жақсы сөз айту - тілге қиянат жасамау,
Жақсы әңгіме тыңдау – құлағымызға қиянат жасамау
Жақсылықты көре білу – көзге қиянат жасамау,
Дұрыс тамақтану - денсаулығымызға қиянат жасамау
Дұрыс іс - әрекет жасау - денемізге қиянат жасамау.
Құрбыларымызды ренжітпеу – достыққа қиянат жасамау
Алдынғы замандағы тіршілік туралы не білесіңдер?
Қазір онда видео көреміз?
Мұғалімнің сыйы.
«Ғажайып әлем» Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.
«Табиғат ғажаптары» тақырыбына сурет салу
- Әр сыныптан оқушы шығып, сурет салып жарысамыз. Қандай сынып жақсы салады.
Қорытындылау
Жақсы істер жасаймыз,
Табиғатты қорғаймыз.
Үлкендерді тыңдаймыз,
Кішілерді сыйлаймыз.
Біз тәртіпті баламыз,
Болашаққа сенеміз!
Шығармашылық жұмыс
Қортындылау сөзді
барлығымыз бірге айтамыз.
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
Соңғы тыныштық сәті. Балалар, енді бір сәт көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізгетүсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге орнатайық. Әрдайым жақсыны көруге, жақсыны естуге, жақсыны айтуға үйренейік. Айналамыздағы адамдарға, жан – жануарларға, құстарға риясыз жақсылық жасайық, ешкімге ешуақытта қиянат
жасамайық. Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар.
Көздеріңізді ашуға болады.