"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Карашилик отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

09.01.2018

16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!)

1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

 


ІІ жүргізуші:

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің

қатарына қоса алдық. 26 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың

қиын өткелектерін аман өткізіп келеміз.

 

І жүргізуші:

Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл

бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

 

ІІ жүргізуші:

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

 

І жүргізуші:

Түсініп терең, өмірдің мәнін,                                                                                               

Жалынды жастар, сендерсің сәнім                                                                                              

Беретін бойға күш-қуат,жігер                                                                                              

Шырқалсын шаттық әнұран әнім!            

 

ІІ жүргізуші:        

Мектеп  түзеліңдер, тік тұрыңдар! ҚР Әнұраны ойналсын!  Әнұран ойналады      

 

І жүргізуші: Құттықтау сөзі  мектеп   директорына Махаббат Батырбекқызына беріледі.

 

 

І жүргізуші:

     Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін 

сіздерРеспубликалық бірыңғай «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде куә болғалы  отырсыздар

 

.

 

ІІжүргізуші:

 Білімді –көкіректе нұр деп түсін

Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.

Аталған мақсат, талап, ережені,

Орындауға бәріңде міндеттісің!

 

Төс белгілерін жасқырандар қабылдауға дайын

 

 

           

І жүргізуші:

Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің анттын қабылдауға мектеп  8-сынып оқушысы Секенов Қуатты шақырамыз

            Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

 

Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

            Білімге табандылықпен  ұмтылуға;

            Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға  шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

 

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

                                                                                                        

(«Жас Ұлан» әнұраны ойналады).      

 

 ІІ жүргізуші:

 «Біз ...»

 

Оқушылар: «Жас Қыран»

 

 ІІ жүргізуші:   - ұранымыз

 

 Оқушылар: «Қазақстан – Нұрсұлтан – Жас Қыран» - 3 рет.

 

ІІ жүргізуші: Құттықтау сөзі  ____________________________________беріледі.

 

І  жүргізуші Сөз мектеп Ұланбасы 7-сынып оқушысы Сериков Тимурға беріледі

 

  тақпақтар

       

 

І жүргізуші:

Ризамын деп осындай жастық шаққа,

Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.

Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,

Ашылып алдымыздан алтын қақпа.

 

ән

 

2-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!


Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

 

1 - жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

 

1 - жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

 

Просмотров: 381


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст