Суицид алдын алу
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан – 2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын өз халқына арналған жолдауында адамдардың дұрыс мінез-құлқының дамуына баса назар аударды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында «Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі» - деп көрсетілгендей, сол қымбат қазынаны көзіміздің қарашығындай қорғау әрбір азаматтың алдындағы, қоғамның алдындағы тұрған өзекті мәселе. Бүгінгі біздің қоғамда адамдарды алаңдататын мәселелер көптеп кездесуде. Солардың бірі жасөспірімдер арасындағы суицидті мінез - құлық проблемасы.
Суицид (лат.тілінен аудармасы sui – өзін + caedere – өлтіру) — өзін-өзіне қол жұмсауға икемді адамның әрекеті. Бұл тек адамдарға ғана тән әрекет.
Өкінішке орай, бұл термин қазір көп қолданатын сөзімізге айналды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жақында таратқан мәліметтеріне сүйенсек, жылына миллионнан астам адам өзін - өзі өлтіреді екен.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, Қазақстан суицидтің саны жағынан төртінші орын алады (24 апреля 2017).
Жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау (суицид) бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Еліміздің болашағы саналатын олардың мұндай оқыс әрекеттерге баруы алаңдатарлық жағдай. Жастар арасындағы суицид мәселесін зерттегенде анықталғаны: тұтастай алғанда көп жағдайларда жасөспірімдер ата-аналарының, мұғалімдердің назарын өз мәселелеріне аудару мақсатында өзіне өзі қол жұмсауға шешім қабылдайтыны және осындай келеңсіз түрде үлкендердің селқостығы, парықсыздық, арсыздық және қатыгездігіне қарсылықтарын білдіреді. Мұндай қадамға көбінесе тұйық, жаны жараланғыш, жалғыздық сезімнен, өзінің керексіздігінен стреске берілгіш және өмірден түңілген жасөспірімдер барады.
Қиын өмірлік жағдайда уақытында көрсетілген психологиялық көмек, мейіріммен жасалынған қолдау қайғылы жағдайдан жасөспірімді аман алып қалған болар еді...
Суицид алдындағы синдром: Суицидтке баруға әрекеттенгенін білдіретін кешенді психологиялық белгілер, яғни ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше аптаға немесе айларға дейінгі уақытты қамтитын суицидтік қарқынды мерзім. Қиын жағдаяттарда суицидтік әрекетке бейімі бар жағдайда ересек жасөспірімдер мен үлкендерде жиірек байқалады.
Өзіне-өзі қол жұмсауға оқталған балалар көбінесе ата-ана назарына және қамқорына зәру, 75% олардың ата-аналары ажырасқан немесе бөлек тұрады, көбіне балалар интернаттарда немесе асырап алған ата-аналарымен тұрады.
Суицидке кімдер бейім
Суицидке көбінесе келесі топтағылар бейім:
Алдында суицидке оқталғандар (аяқталмаған). Кейбір мәліметтерге қарағанда пайыздық көрсеткіші 30% құрайды
Суицидтік қорқытулар, тура немесе жасырын
Өзіне-өзі зиян келтіруге бейімділік (аутоагрессия)
Отбасында болған суицид
Ішімдікке салыну. Ішімдікпен ауыратын адамдардың суицидке бару тәуекелділігі өте жоғары. Бұл аурудың 25–30% өзіне-өзі қол салушылыққа қатысы бар; жастар арасында одан да жоғары – 50%. Ішімдікке салынудың ұзақтығы депрессияның, өзіне кінә артудың және психикалық бұзылудың күшеюіне әсер етеді, яғни мәлім болғанындай, бұл жағдайлар көбінесе суицидтке итермелейтіні белгілі.
Есірткіні және токсикалық (иісті) заттарды үнемі қолдану. Есірткі мен ішімдік сәйкес түрде қайғылы жадайға душар етеді. Олар адамның өзін-өзі бақылай алу қабілетін төмендетеді, депрессияны күшейтеді немесе тіпті психозды қоздырады.
Аффектілік бұзылыстар, әсіресе ауыр депрессия (психопатологиялық синдром)
Созылмалы немесе өлімге әкелетін аурулар;
Ауыр қайғы, мысалы жұбайының (әке-шешесінің) қайтыс болуы, әсіресе бірінші жыл ішінде
Отбасы мәселелері: отбасын тастап кету немесе ажырасу, қосағынан айырылу, масқара болу, арының тапталуы, аяғы ауыр болып
қалу, жыныстық мәселелер.
Адамдардың тәуекел топ қатарына түсуі бірден суицидке бейімділігін аңғартпайды. Өзіне-өзі қол салушылықтың қандай да бір-ақ
себебі болады деп айта алмаймыз. Сонда да кез-келген суицидті меңзейтін ишараларға аса маңыздылықпен қарау керек. Қауіпті белгілердің тіркесін, егер олар белгілі бір уақыт ішінде сақталатын болса, ерекше қырағылықпен назарда ұстау керек. Көмек туралы жан айғай әрқашан да қол ұшын соза білетін адамның жауап әрекетіне мұқтаж.
Жақындап келіп қалған суицидті қалай аңғаруға болады.
Суицидтік қауіпті топ
Жастар: өзара қарым-қатынас түрі бұзылғандар, «жалғыздыққа» ұшырағандар, күш көрсетуді әдет қылған девианттық немесе
қылмыстық қылықтарымен ерекшеленетін ішімдік немесе есірткі қолданатындар;
Өзін тым қатты сынауға алатындар;
Жеке басының қорланғанын немесе қайғылы жағдайды басынан өткізген жандар;
Өмірде алдына қойған табыстары мен күткен жетістіктерінің сәйкес келмеуінен уайымға салынған жасөспірімдер. «Үздік» синдромы
Ауыр науқастан немесе айналасындағылардың сырт айналуынан күйзелген жандар
Эмоционалдық бұзылыстың көріністері:
Тәбеттің жоғалуы немесе импульсивті ашқарақтық, ұйқы қашу немесе ұйқышылдықтың жоғарлауы;
Соматикалық сырқаттарға (іштің ауруы, бастың ауруы, үнемі шаршау, ұйқы басуы) жиі шағымдану;
Өзінің сыртқы бейнесіне оғаш қарау;
Ылғи жалғыздықты, қажетсіздікті, кінәлілікті немесе мұңаюды сезіну;
Бұрын қуаныш сыйлайтын үйреншікті дүниелерден іш пысуы, жақтырмау;
Араласудан қашу, достарынан, отбасынан өзін оқшаулау, жалғыздыққа берілу
Зейінінің бұзылуынан орындаған жұмыс сапасының төмендеуі
Өлім туралы ойларға берілу
Болашаққа жоспар жасамау
Көбінесе ұсақ-түйектен аяқасты туындайтын ашу-ызаға булығу
Суицидтің неше түрі бар?
Ғалымдардың айтуынша суицидтің үш түрі бар:
1. Шынайы суицид. Оған барған адам өмірден түңіледі, үнемі көңілсіз болып жүреді, өлгісі келеді. Нақтырақ айтқанда өмірдің мәнін жоғалтады.
2. Жариялық суицид. Өзін - өзі өлтіргісі келгендердің көбі өлместен бұрын өзгелердің назарын өзіне аударғысы келеді (мысалы, біреумен ренжіссе, қолына суық қару алып, болмаса арқан, жіп ала жүгіріп, «өлем» деуі).
3. Жасырын суицид. Бұл түрінде адам өз - өзін өлтіру жақсы іс еместігін түсінеді, бірақ қиындықтан шығар шара, жол жоқ болып көрінгендіктен, өлімге апаратын істерге бас тігеді (мысалы, нашақорлық, алкоголизм т. б).
Суицидтік қауіпті топ.
*Жастар: өз ара қарым-қатынас түрі бұзылғандар, «жалғыздыққа» ұшырағандар,күш көрсетуді әдет қылған девианттық немесе қылмыстық
қылықтарымен ерекшеленетін ішімдік немесе есірткі қолданатындар;
*Өзін тым қатты сынауға алатындар;
*Жеке басының қорланғанын немесе қайғылы жағдайды басынан өткізген жандар;
*Өмірде алдына қойған табыстары мен күткен жетістіктерінің сәйкес келмеуінен уайымға салынған жасөспірімдер «Үздік» синдром;
*Ауыр науқастан немесе айналасындағылардың сырт айналуынан күйзелген жандар;
*Өзін өлтіру жайлы әңгімелер (мысалы,«мен оданда өзімді өлтіремін»);
*Осы тақырыпқа дауыстап қиялдану;
* «Менің ешкімге керегім жоқ»,«бәрібір мені ешкім сағынбайды» деген тақырыптармен мазаны алуы;
*Өнер немесе әдебиеттегі өлім мотивтеріне ден қоюы;
*Өзіне ең қымбат деген заттарды таратып беруі; тігеді (мысалы, нашақорлық, алкоголизм т. б).
Жалпы суицидті әрекетке дайындалып жүрген жасөспірімдерді мына белгілер арқылы анықтауға болады:
Сыртқы белгілері
|
бет-бейнесі мұңлы гипомимия амимия даусы ақырын бірсарынды сөзі баяу қысқа жауап қайыру жауап қайтармау шапшаң тоқтамай сөйлеу дауыс ырғағы өзгерген бұрқылдау жылауға бейім жалпы қозғалысының тежелуі әрекетсіздік, адинамия қозғалыстың қозуы
|
Эмоционалдық бұзылыстар |
іш пысу мұңаю уайымшылдық салы суға кету түсі суық, қабағы қатыңқы жауласу ызақор бұрқылдап ұрсысу ызыңдап сөйлеу айналасындағылармен жағымсыз, өштік қарым-қатынас айналасындағылардың игілігіне жеккөрушілік сезіммен қарау өзінің дене бітіміне көңілі толмау өзіне, айналасындағыларға селқос қатынас сезімінің жоғалуы мазасыздану қорқыныш бұрынғыны аңсау шарасыздықтан ашыну айналасындағы қуанышты оқиғаларға қатулы көңілмен қарау |
Психикалық аурулар |
депрессия себепсіз қорқыныш, ішкі қысым және мазасыздануды сипаттайтын невроздар маниакалды-депрессивті психоз шизофрения |
Өз өмірін бағалау |
өзінің өткен өмірін пессимистік бағалау бұрынғы жағымсыз оқиғаларды таңдап еске түсіру өзінің қазіргі жағдайын пессимистік бағалау болашақ жоспардың болмауы |
Айналасындағылармен қарым-қатынас
|
кісікиіктік, араласудан қашу айналасындағылармен қарым-қатынасқа түсуге ұмтылу, тілектестікті іздеу, дәрігерден көмек іздеп шағымдану жылауға бейімділік кінәмшілдік өзінің азабына эгоцентристік бағытталу |
Вегетативтік бұзылыстар
|
көзінің жасаурауы қарашығының ұлғаюы аузы кебу тахикардия артерия қысымының жоғарлауы дем алысының тарылғанын, ауа жетіспеушілікті сезіну тамағында түйір сезіну бас аурулары ұйқысыздық ұйқыбастық ұйқы ырғағының бұзылуы ұйқыны сезінудің жоғалуы кеудеде ауырлықты, жан ауруын сезіну іш қату дене салмағының төмендеуі дене салмағының ауырлауы тәбеттің төмендеуі тамақты дәмсіз сезіну жыныстық құштарлықтың төмендеуі етеккірдің бұзылуы |
Тәулік ішіндегі жағдайының динамикасы |
кешке қарай жақсаруы кешке қарай құлдырауы |
Түзету: Стресті бағындыра білудің әлеуметтік білік және дағдыларына үйрету. Жасөспірімдерге отбасы, мектеп, достары және
т.с.с. қатыстыра отырып, әлеуметтік қолдау көрсету. Мәселелерді шешуге көмектесетін әлеуметтік-психологиялық тренингтер, өзін бағалауын көтеретін, өз тұлғасына шынайы қатынас, эмпатияны дамытатын топтық психокоррекциялық сабақтар ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар өзін ұстай білу дағдыларын дамытуға арналған тренингтерге негізделген табысқа жету мотивациясын жетілдіретін психологиялық коррекция шаралары да нәтиже беруге тиіс.
Суйцидтің алдын алу мәселесі соңғы он жылдың ішінде жергілікті жерде ғана емес, республикалық деңгейде толқулар тудырған өзекті
мәселеге айналып отыр. Осыған байланысты бұл мәселе Қазақстан Республикасының денсаулық, білім, әділет, байланыс және ақпараттандыру министрліктерінің деңгейінде қаралуда. Суйцидтің алдын алу жұмысын жүргізетін барлық субьектілердің қызметін, білім беру мекемелері мен ведомствоаралықт әрекеттесулерді жүйелендіру және жандандыру бойынша шаралар қолдану ұсынылған.
Бұл суйцид көрсеткішінің көбеюі немесе азаюына қарамастан, сапалы талдауға сүйене отырып, алдын алу жұмыстарын жүргізуге
мәжбүрлейді.
Балалардың психикасы өте нәзік, тез жараланғыш келеді, олар кішкентай нәрсенің өзін проблема ретінде қабылдайды. Сондықтан осы мәселеге байланысты мектеп оқушыларының арасында өзіне-өзі қол жұмсау (суицид) жағдайларын болдырмау және суицидиалды мінез-құлықтың алдын-алуға байланысты құрылған мектепішілік 2016-2017 оқу жылына арналған психологиялық жоспары құрылды және психология саласы бойынша тәрбие орталығымен, сынып жетекшілермен бірігіп тиісті шаралар атқарылуда.
Суицидтің алдын алу және болдырмау жұмыстары келесі бағыттарда жүзеге асырылуда.
1. Диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу.
2. Суицидтік қауіпі бар оқушыларды анықтау, суицидтік қауіпі бар балалар тобын және оның айналасын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу.
3. Сауалнама бойынша сынып жетекшілермен, дәрігер мамандарымен өзара әрекеттесу, мектептегі барлық оқушыларды өмірлік құндылықтарды үгіттейтін тәрбиелік жұмыстарға қатыстыру.
4. Алдын алу ретінде сынып жетекшілерімен бірге тәрбиелік іс-шараларды өткізу.
Негізгі мақсаты – өмірге көзқарастарын дұрыс бағыттау және сыныптағы психологиялық климатты оңтайландыру. Осы бағыттар бойынша мектебімізде арнайы психологиялық қызмет құрылып, төмендегідей жұмыстар жүргізілді:Сынып оқушыларына үнемі сырттай бақылау
жүргізіледі. Яғни, оқушылардың жекелік қасиетін анықтау, үзіліс кезеңдерде оқушылардың айналасындағылармен қарым-қатынасын бақылау, 1-11 сыныптың сабақтарына ену, жеке сөйлесіп кеңес беру, ата-аналарымен байланысып , түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Суицидалды мінез-құлықтағы оқушыларға арнайы көмек ретінде оның ішкі жан дүниесіне сенімділік орнату, рухани күш беру мақсатында жеке кеңес беру жұмысы ұйымдастырылды және жасалған жұмыстар арнайы журналдарға тіркеліп отырылды. Барлық сыныптың оқушыларына жеке педагогикалық- психологиялық мінездеме жасалды. Жағымсыз іс-әрекетке барғызбаудың алдын-алу жұмыстарына
байланысты әңгімелесу,пікірлесу әдісі, жиналыс жасау, сынып жиналысы,тәрбие сағаты т.б іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Аутоагрессияның алдын алу мақсатында диагностикалық жұмыстар «Кактус» әдістемесі, Кондаштың !Қобалжу шкаласы» әдістемесі, Айзектің «Тұлғаның психологиялық жағдайын анықтау» әдістемесі, «Аяқталмаған сөйлем» әдістемелері алынды. 7-11 сынып оқушыларының арасында сауалнама жүргізіліп, тұлғалық қабілеттері жөнінде мәліметтер жинақтады. 10-11 сынып оқушыларына аталып отырған мәселе төңірегінде «Суицидтің сыры неде?» деген тақырыптарда әңгіме қозғалды. Оқушы пікірі талданды. 9-10 сыныптармен дебат сабақ
өткізілді.Тақырыбы: «Біз өз еліміздің мейірімді, адамгершілік қасиеті мол, патриот ұлдары мен қыздарымыз!» Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал, үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп, бекер айтылмаған. Сондықтан, баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде, өзінің таңдау жасауына ықпал етуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады.
Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады. –дейді. Демек шәкіртке жан-жақты терең білім беріп,оның жүрегіне адамгершілікті үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасуымен санасуына ықпал етері сөзсіз және жағымсыз суицид туралы ойлауына жол болмайды.
Жек тұлғаны қалыптастыруда олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоя білуге, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне -өзі талап қоя білуге тәрбиелеу – адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру керек Дебат сабаққа қатысқан әрбір жеткіншек:асыл да ізгі адамгершілік
қасиеттерді бойға сіңіріп, ұлағатты азамат болып шығуды алдына мақсат етіп қойды.Өйткені адам-өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақты. Қазіргі біздің қоғамымызда осы адамгершілік қасиеттерімізді ұлықтап жүруіміз керек. Қазіргі уақытта жастардың санасын улайтын жаман қылықтардан аулақ болайық! Көбінесе уақытын мақсатсыз жұмсап, виртуальды әлеммен болып, қазіргі шынайы әлемнен алыстамайық. «Өмір сүруден шаршадың ба? атты арнайы сайттардан аулақ болайық,» насыбай ату, арақ ішу, наша пайдаланудан жиркену, теледидардан көрсетіліп жатқан қарақшылық, жауыздық туралы фильмдерді көрмейік». Алдымызға нақты мақсат қойып, білімді, мәдениетті, қазақ халқының салт-дәстүрлерін бойымызға сіңіріп бақытты, өркениеті жоғары 50 елдің қатарында тұруымызға бәріміз үлесімізді қосайық! –деп үндеу тастады.
Сонымен қатар 11сыныптарға «Өмірді сүйе білейік», «Мен қалаймын» тақырыбында тренинг сабақтар, ҰБТ ға байланыста рухани күш беру мақсатта әңгімелесу әдістері, жүргізілді. Бастауыш сыныптардың өзін-өзі бағалауының, өзіне деген сенімділігінің анықтау үшін, отбасында қалыптасқан қарым-қатынасты анықтау үшін балаларды зерттеу үшін «Отбасы суреті» әдістемесі пайдаланылды. 2-19 сыныптар арасынан зерттеуге 132 оқушы қатысты. Барлық оқушының салған суреттері толық, жеке-жеке қаралып, талданды. Мектебімізде әрбір ата-анамен жұмыс жүргізіліп, бала психологиясы жөнінде ақыл-кеңестер беріледі. Ал 1-8 сынып жетекшілерінен «Қиын оқушыларды анықтау» сауалнамасы алынды
Сауалнама бойынша 7-ші сұрақ «Сіздің сыныбыңызда «қиын» оқушы бар ма?» деген сұраққа сынып жетекшінің 100%- ы жоқ деп жауап берді. Мұғалім мен оқушылар арасында «Қиын оқушы қайдан шығады» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
Өз кезегінде мектеп мұғалімдері, оқушылар өз пікірлерін білдіріп жүйелі , елелі ұсыныстар айтылды. 1- 11 сыныптар арасындағы сынып жетекшілері«Өмір тамаша!» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді. Мақсаты: Оқушының өмірге деген көзқарасын жақсы жағына қарай бағыттау, өмір құндылықтарын ұғындыру, суицидтік болдырмаудың алдын алу. 5-6 сынып аралығында «Мен өмірді таңдаймын!» тренинг
сабағы болып өтті. Сабақтың негізгі мақсаты: оқушының өмірге деген көзқарасын жақсы жағына қалыптастыру, балалар бойындағы суицидтік мінез –құлықтың алдын-алу және болдырмау.Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, салауатты өмір салтын ұстануға, сөз сөйлеу мәдениетіне, өмірді сүюге тәрбиелеу. Тренинг барысында сауалнама жүргізілді.Сауалнамаға берілген жауаптарын талдау барысында барлық оқушы ата-анасына, сынып жетекшісіне де риза екендігі анықталды. Орта буын оқушылары арасында «Менің сынып жетекшім» және «Оқушылардың бастауыштан орта буынға бейімделуі» тақырыптарында сауалнама алынып ,қорытындаланды. Зерттеу нәтижесі бойынша сынып жетекшілермен талдау жүргізілді және жеке коррекциялық жұмысты қажет ететін топ оқушылары анықталды.
Эмоциональды жағдайды реттеуге бағытталған тренингтер әзірленді және жүргізілді. Осы орайда айта кететін жайт, әрбір сынып жетекші өзінің сыныбындағы әрбір оқушының отбасын, баланың мінез-құлқын, ерекшеліктерін, оқу үлгерімін жатқа білуі тиіс. Сынып жетекшілер сыныбымен диагностикалық ағартушылық, түзету-дамытушылық жұмыстар жүргізіп, ата-анамен, мектеп психологымен тығыз қарым-қатынас жасап отыруы шарт. сынып жетекшілерге сыныбы толығымен сенім арта білсе, оқушылар ішкі ойын ашып айта алатын жағдайға жетіп, аталмыш келеңсіздіктерден аулақ жүретін едік. Қорыта айтқанда, жыл басынан бергі атқарылған жұмыстар жоспар бойынша жүзеге асырылуда. Негізгі мақсатымыз – оқушыларымызға, педагогтарға өмір құндылықтарын насихаттау. Оқушыларымыз жақсылық жасай білу, тектілік, мейірімділік, білімділік, әдептілік сияқты қасиеттерді бойына дарытқан парасатты, пайымды, зерделі, жалғыз ата-анасының ғана емес, елінің, Отанының патриоты болуға тәрбиелеу. Өмір деген заңғар биік емес пе? Адам өмірге бақытты болу үшін келеді. Өмірдің мәні – соған жету.Шешілмейтін проблема жоқ, тек уақытысында ақылдаса отырып шешуге тырысу керек. Оқушыларға адам өмірге бірақ рет келеді. Әрбір атқан таңды қызыға да қуана ақ тілекпен қарсы алып, таза да дұрыс жолмен жүрейік! Мәнді өмір сүру үшін балаларымызды.оқушыларымызды қызыққа да, өмірсүйгіштікке де баулу керекпіз. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» демекші, еліміздің болашағы жастарымызды қолдап, игі істерін қолдайық».