Төрлет, құтты Жаңа жыл!
Қарашілік орта мектебінің жаныңдағы «Мирас» шағын орталығында Төрлет, құтты жаңа жыл-атты мерекелік іс-шара өтті. Балалардың көңіл-күйін көтеру, олардың өлеңдерді, тақпақтарды еске сақтауға үйрету, достыққа тәрбиелеу.
Орман аңдары қонаққа келді және балалардың көңілдерін көтерді. Шыршаны айнала тұрып биледі.
Жаңа жылмен, Жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрінде
Әсем кештің ажары, әсем бисіз болмайды. Кішкентай бишілер мың бұрала билеп,тақпақтарын айтты. Ергежейлі келіп балалармен ойын өткізді,шыршаны айналып Аяз-атаны шақырды. Қонаққа Аяз-ата мен Ақша қар келіп балалардың өнерлерін тамашалап, сыйлықтарын таратты. Аяз ата мен Ақша қар балаларға рахметін айтып, олармен қоштасты.
Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде жақсы үміт.
Келетін жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық.
Көңіл өсіп кеңейсін,
Ортақ ойы, арманы.
Жақсы дәстүр көбейсін!
«Мирас» шағын орталығының тәрбиешілері