"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Карашилик отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

16.11.2017

Отаным - тағдырым.

Отан… Бұл сөз — әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Осы сөздің астарында қанша мағына жатыр

десеңізші?! Отан дегеніміз — туып өскен жерің, Отан дегеніміз – 75 жыл Кеңес Одағының құрамында болып, дербестік пен тәуелсіздікті мүлде жоғалтқан қазақ халқының бастан кешкен тарихы, Отан дегеніміз — ел бірлігін, бостандығын, елін, жерін қайтсек сақтап қаламыз деп құрбан болған апаларымыз бен есіл ерлеріміз.

                     Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным — сонау Каспийден Алтайға

дейін созылып жатқан қасиетті өлке — Қазақстан.

Менің өз туған жерімді Қызылсая ауылын ойласам көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді.

                      Қазақстан — тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің

басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті.Әсіресе,  XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.

Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүрсілкіндірген

Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл-тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын.

   Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер және  тағы басқа ұлт өкілдері  өмір сүріп ,еңбек етіп келеді.Бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан жайымыз бар.

Мен өз Қазақстанымды қалай жақсы көрмеймін? Мен өз Отанымды қалай мақтан тұтпайын?  Ол мені өз құшағына алады, әрдайым жылулық сыйлайды

Табиғаттың тамаша жазы қандай

Айналама көк кілем жазылғандай.

Сымбатыңнан айналдым, туған жерім,

Сылдырлаған бұлағы,суы балдай,- дей келе,, мен өз өлкемді жан-жүрегіммен сүйемін. Өйткені Қазақстан — менің атамекенім. Атамекен деген — туған тіл, ата салт- дәстүр, еліңнің тарихы, байлығы, мектебің, үйің, бәрі-бәрі сонда. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес. Біздің Қазақстан өте бай, табиғаты әр түрлі болса да әдемі. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен  әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау — әрбір азаматтың бірінші міндеті.

Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өтсе де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған.

Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан — біз үшін оттан да ыстық.

 «Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш

жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Еліміздің арыстары  талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. Барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған бес арыс, ұлы Отан соғысында елім деп жанын пида еткен қайтпас қыран алаш азаматтары, жүректері оттай жалындаған желтоқсан қаһармандары… Айта берсе жалғаса берер елінің асыл ұландары, асқақ рухты

азаматтарының ерен ерлігінің арқасы деп білемін.

Отбасын сүюге,Отанын сүюге сол балалық шағынан басталатыны хақ. «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде

көмектесуге болады,ал үлкен ағаш кезінде түзете алмайсың»-,деп халық бекер айтпаған.Ата-бабаларымыз өз елі үшін жанын да ,барын да аяған жоқ.. Біздің осы сүйегімізге сіңіп кеткен қасиетіміз жанымызға ана сүтімен тарап,мәңгілік

сақталып келген, дегенмен туған жердей жер болмас сөзі қайдан шықпас.Осы қасиетті жеріміздің тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  елді адал басқарып,халықтың құрметіне ие болды.Бұл біздің жеңісіміз,жемісіміз.Осындай ерекше, қонақжайлы , сүйіспеншілігі мол ,үкі таққан елде өмір сүру әр адамның арманы  емес пе!

                     Отан, туған ел , туған жер деген сөздер жүрекке жылы әсер етеді. Туған елің ,өскен жерін сүю –әрбірқазақстандықтың парызы. Сондықтан да әрбіреуіміз Отанымызды аялайық, қастерлей білейік,қорғай білейік және мақтан тұтайық.  Отанымыздың тағдыры өскелең ұрпақтың қолында. Өйткені, Отан –алтын бесігіміз, ата –анамыз!

Просмотров: 407


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст