"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Карашилик отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

21.10.2017

Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы

Денсаулық - баға жетпейтін асыл дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөлуі керек. Адамның денсаулығы қоғам байлығы. Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Қазіргі кезде барлық қоғамда денсаулыққа көп көңіл бөлінуде. Соған байланысты біздің елімізде Денсаулық күнін белгілеген. Тоғызыншы қыркүйек күні біздің мектеп Денсаулық күнін ерекше атап өтті. Мереке барлық сыныптар арасында флешмоб биімен басталды. Бастауыш сыныптар арасында көңілді старт ойындары өткізілсе, орта буын арасында жүгіру жарысы және футбол ойындары болды. Ал жоғарғы сыныптар арасында волейбол ойындарын өткізу шешілді. Дене шынықтыру мұғалімдері сайысқа қатысып, орын алған оқушыларды мадақтамалармен марапаттады. Жүгіру бойынша ұлдар арасынан І орын Канашев Альфараби, ІІ орын Макишев Батыржан, ІІІ орын Абишев Тимур иеленді. Қыздар арасынан І орын Токинбаева Гүлсім, ІІ орын Уранова Сания, ІІІ орын Абдыкалыкова Гүлнәз ие болды. Футбол ойындары бойынша І орын 8-сынып, ІІ орын 6-сынып, ІІІ орын 5-сынып оқушылары жеңіп алды.

Еліміздің жалғасы - біздер, сондықтан біз еліміздің денсаулығы мықты, салауатты болашағы болғымыз келеді.

Слямова Динара

Маткенова Дина

Қарашілік орта мектебінің

10-сынып оқушылары.

Просмотров: 712


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст