"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Карашилик отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

15.09.2017

1-қыркүйек –“Бiлiм күнi” құрметiне арналған салтанатты  мереке сценарийi

1-жүргiзушi: 

Алтын шапақ шашыратып көгінен,
Күз кеп жетті сағыныштан сезіммен.
Балапандай ұясына асыққан,
Шәкіріттерін шаттандырып сеніммен. 


2-жүргiзушi: 

1қыркүйек- Білім күні мерекесіне арналған «Мен елімнің патриотымын!» атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер!

1-жүргiзушi: 

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Барлықтарыңызды бүгінгі 1қыркүйек- Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз !
Құттықтай отырып, зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан , бейбітшілік пен ынтымақтастық тілейміз . Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын. Бүгінгі алғашқы қоңырау мерекесіне арналған«Менің Отаным – Қазақстан!» атты  салтанатты жиын ашық деп жарияланады.

2-жүргiзушi:

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Мерекеңіз құтты болсын, ата-ана,

Мерекеңіз құтты болсын, ағайын!

  1-жүргiзушi: 

Құрметті қауым, «Білім» атты теңіздің кемесі - Мектебімізге алғашқы қадам басып отырған 1- сынып бүлдіршіндері мен биылғы жылы үлкен өмірге қанат қаққалы отырған мектеп түлектерін қарсы алайық.

Әскери жетекшi:  Мектеп, Түзел, Тік тұрыңдар! Қазақстан Ренспубликасының  мемлекеттiк  Әнұраны

Әнұран

  2-жүргiзушi: 

Бүгін біздің қуанышымызға ортақтасу үшін мерекемізге келген құрметті қонақтармен

таныс болыңыздар:

1.    –

2.    –

3.    –

4.    –

1-жүргiзушi: 

Білім бәсекелестігінде  өз біліктілігімен танылған биылғы жылы біздің мектебімізден ұстаздық жолының бастауын бастағалы тұрған ағылшын тілінің мұғалімі - жас маман ________________________________    құрметпен қарсы алайық.

(Ән  және жас маманға гүл шоқтарын тапсыру)

  1-жүргiзушi: 

Тек жүректен арналар сөзіміз де,

Жақсылықтан жаралған жүрегіңіз.

Сөз берейік құрметпен өзіңізге,

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз – дей келе, құттықтау сөз мектеп директоры Уалиева Махаббат Батырбекқызына  беріледі.

  2-жүргiзушi: 

Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,

Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.

Қуаныш пен салтанатты шақтарда

Қонақтар да ақ тілегін ақтарар.

Сөз кезегі қадірменді қонақтарда.

( қонақтарға сөз беріледі)

  1-жүргiзушi: Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», – деп атап көрсетті

  2-жүргiзушi: 

Биылғы жыл еліміздің тарихында ерекше жыл, өйткені  2017 жылы Қазақстан Республикасы ЭКСПО халықаралық

көрмесін қабылдаған барлық кеңестен кейінгі елдер арасында бірінші мемлекет болып отыр. Адамгершілік және көшбасшылық қасиеттері бар азамат пен патриотты қалыптастыру мақсатында біздің мектеп оқушыларын ата-аналардың демеушілік қолдау көрсетуінің арқасында ЭКСПО халықаралық көрмесіне маусым айында саяхат жасалынды. 

1-жүргiзушi: 

Отан – Ана ірге тасын салып біз,

Арманы бір тағдыр қосқан халықпыз.

Қазақстан көп ұлтымның тұрағы,

Татулығы жарасқанда алыппыз.

 

2-жүргiзушi: 

Қасиетті қазақ жері байырғы,

Әлеуметтік, құқықтық ел зайырлы.

Конституция алтын арқау қоғамға,

Бола берсін баршамызға қайырлы.

  

1-жүргiзушi: 

Құттықтау сөз кәсіподақ ұйымының төрағасы Жуманов Қайрат Әубәкірұлына беріледі

  2-жүргiзушi: 

Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын

Оқушы болдың, қарағым,

Білімнің кілтін ашатын, - дей келе, құттықтау сөзді 1-сынып бүлдіршіндеріне берейік.

 

1-жүргiзушi: 

Абзал жандар, биік тұлға байсалды,

Шарықтасын шат көңілдің алабы.

Өздеріңе жүрекжарды сөз айтып,

Құттықтайды 11-сынып баршаңды.

 

2-жүргiзушi: 

Қандай ғажап қарашы жан- жағыңа, 

Күміс күлкі сыймай тұр, қара мұнда.

Ата-анадай бақытты бар ма екен жан,

Қол жеткізген аңсаған арманына. 

Жақсы шәкірт Азамат атанады,

Халқынан,ата-анадан бата алады .

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.

(Ата-анаға сөз беріледі)


1-жүргiзушi: 

Қағылмақ міне әуенге бөлеп,

Қағылмақ алғаш қоңырау.

Нұр толқып жүзің, гүл толып құшақ,

Шаттыққа толсын омырау.

Білім күнінің алғашқы қоңырауын соғу құрметі 1-сыныпқа қадам бастап отырған бүлдіршіндердің атынан 

______________________________мен                                                         мектеп өмірінде алғашқы қоңырау үні соңғы рет соғылатын биылғы түлектердің атынан 11-сынып оқушыларға 

__________________________________-________________________берілсін.                                                 

 

  1-жүргiзушi: 

Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,

Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.

Білімнің көзін аша білсең тереңнен,

Жетелейді армандарға бұл мектеп – деп, 1-сынып оқушыларын алғашқы сабаққа 11-сынып оқушылары шығарып салсын.

  Қанеки, түлектер, бүлдіршіндерге жол көрсетіп жіберіңдер.

  Құрметті қауым, қошеметтеп шығарып салайық.

 

2-жүргiзушi: 

Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар оқушылар! Сіздерді жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы Білім еліне шақырады.

Осымен Алғашқы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын жабық деп жарияланады.

 

 

 

Просмотров: 346


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст