Естен кетпейтін саяхат
Қарашілік орта мектебінде оқушылардың жазғы демалысы өте жақсы ұйымдастырылған. Ұстаздарымыз жаз бойы мектепте «Айгөлек» сауықтыру алаңы және еңбекпен қамту орталығында оқушылармен жұмыс жасайды. Лагерьдің мақсаты балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру,
рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт - дәстүрін дамыту.
Біз, 4-сынып оқушылары, лагерьге тамыз айында бардық. Осы айдың 15-күні біз ұстаздарымызбен атап айтсақ, Махметова К.Т., Утемысова Л.Р., Кульмагамбетова Н.Р. бірге Щучье қаласындағы «Ақ Желкен» ойын-сауық орталығына саяхат жасадық. Әр түрлі ойындар ойнап, түс кезінде балалар асханасында ас
ішіп, үйге көтеріңкі көңілмен қайттық.
Бұл күн біздің жүрегімізде ұзақ уақыт сақталады.