"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Карашилик отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.07.2017

2016-2017 оқу жылындағы мектеп жанындағы

«Арай» жазғы тілдік сауықтыру лагерінің жүргізілген жұмыс есебі

Ұлттық болмыс пен халықтық ұғымдарды шәкірт бойына дарыту да отбасы мен ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиелік шараларына қойылар талап жоғарылады.

 Мектеп

– білім беру мен қатар, тағылымды тәлім-тәрбие түрлерін  ұйымдастыратын өнеге ордасы. Тәрбие мазмұны ұйымдастырушының  шеберлігімен  ұштасқандақандай шара болсын, шәкірттің ішкі жан-дүниесін жаңартып,

рухани  азық болып, соныда жарқын құбылыстарға жетекші бола бермекші.

Ұзақ  уақыт бойы оқушылардың ой-санасының өсіп – жетілуі тек білім көрсеткішімен  бағаланып  келді. Нәтижесінде тамырын  тереңге жаймаған, құнарсыз жерде өскен өсімдік болмысын бойына дарыта алмаған, ал өзінікін бағалап  білмеген  жас  ұрпақ  өсіп  жетілді.

Мұның салқыны бүкіл ұлт болмысынан  көрініс  тапты. «Бала тәлімі-құрсақтан» деген халық даналығын ескермеген  кейбір  әке-шеше  тәлімдік  мағынасы бар даналық  сөздер мен өнегелі   істерді  отбасына  дарыта   алмады.

Мақсаты:

Дидактикалық ойындар, өлең жаттау, сайыс ойындары арқылы оқушының негізгі тілдік дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

1.    Ағылшын тілінің негізгі сұрақ жауап модельдерін үйрету

2.     0 – 100 ге дейінгі сандарды ауызша санауға үйрету

3.     Сөйлеу модельдерін үйрету

Күтілетін нәтиже

-        Өздерін таныстыра білу

-        Отбасылары жайлы айтып беру

-        Болашақ мамандықтару туралы айтып беру

-        Пікірін хабарлай, суреттей білу керек

-        Күнделікті өмірлері туралы баяндау

-        Шет елдің ұлттық салт – дәстүрлерімен, тағамдарымен, киімдерімен танысу

-        Жануарлар туралы әңгімелесу

«Арай» жазғы  тілдік сауықтыру  лагері  І  ауысымда  яғни 01.06.17 – 21.06.17 күні аралығында жұмыс істеді.  Мектеп жанынан ашылған жазғы тілдік лагерьдің әр күнін тиімді өткізуге тырыстық. Мектеп директоры Махаббат Батырбекқызы лагерьдегі балалардың барлық жағдайын жасады .

Таза ауада түрлі қызықты ойындар балалардың қызығушылықтарын арттыра түсті. Оқушылар ойынмен қатар өздерін әр қырынан көрді. Әр сабақта әр түрлі әндер жаттап, әнмен қоса ағылшын тілінде ән айтып би  билеуді де үйренді. Оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығы арта түсті. Сөздік қорларын молайтып және дұрыс айтуды үйренді. Өздерін және отбасысын таныстыруды үйренді. Әр түрлі жас аралалығында болғандықтан оқушыларға біріне қиын біріне оңай болсада бірақ бір біріне көмектесіп, ұйымдаса жұмыс істей білді.

«Арай» жазғы тілдік сауықтыру лагері өз жұмысын қызықты жалғастыруда. Көңілді он бес күндігін артқа тастады.

Нәтижесінде:         

- Жазғы мектеп жанындағы «Арай» жазғы тілдік сауықтыру лагерінің жұмыс барысы жоспар бойынша өтіліп, өз деңгейіне жетті.

- Сурет, қолөнер, мақал-мәтелдер, жарысында балалардың шығармашылығы ұйымдастырылды.

- Дидактикалық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығы артты.

Жазғы мектеп жанындағы «Арай» жазғы тілдік сауықтыру лагері алдына қойған  мақсатына жетті деп ойлаймын.

 

 

 

Просмотров: 456


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст