Жүргізуші 2:
Қайырлы күн, қымбатты ата аналар, құрметті ұстаздар! Бүгінгі мереке, салтанатты жиынымыз 9 – шы сыныптың мектептен қоштасуына арналған.
Жүргізуші
1: Good day, dear parents and honorary teachers! Today’s gala night special for 9th grade because our dear 9’th grade’s pupil will graduate high school education. Today’s concert for our graduates
Жүргізуші 2: Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндер бүгінгі күнде үлкен қыз жігіт болды. Мектеп жолы қиын, бірақ та 9 сынып оқушылары барлық кезеңдерден өтіп, қолдарына құжат алғалы тұр.
Жүргізуші
1: Шәкірт едім кеудем толы күш жалын
Алға тартқан арман жолын нұсқаудың
Кете бардым жүрегіңнен оталып,
Келді дағы бір өзіңе ұқсағым –
Деп әр оқушы болған адам айта алады, өйткені ұстаз – мектеп жүрегі
Жүргізуші
2: Кеш төріне мектеп басшысы
Уалиева Махаббат Батырбекқызын
1. Балтабаева Мыңдық Зейноллақызын
2. Ахметқалиева Алма Нұрғалиқызын
1. Аубакирова Гаухар Зарлыққызын, - кешіміздің төріне шақырамыз.
Жүргізуші 1: Кеш төріне мектебіміздің аяулы да ардақты ұстаздарын шақырамыз. Гуманитарлық бағыттағы Кульшат Аманжолқызы, Күнсұлу Төбетқызы, Қайрат Әубәкірұлы, Бағдат Әбішқызы, Қайыргүл Сағатқызы
2. Жаратылыстанубағыттағы Самат Орынбайұлы, Замира Әзімханқызы, Әлібек Теміртасұлы, Болатбек Баймұханұлы, Оразақын Жұмабек, Құнапия Гүлзат, Ардақ Дулатқызы
1. Салауатты өмір салты бағытындағы Ақылбек Советұлы, Бақыт Жұмаділұлы, Оразбек Базарұлы, кітапханашымыз Дина Ибрагимқызы, тәлімгеріміз Айнагуль Шәріпқызы
2. Бастауыш сынып мұғалімдері: Ляззат Рыспайқызы, Айгуль Жаналиқызы, Асемгуль Қайратқызы, Нұрбану Рамазанқызы
Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар, ата аналар, қонақтар!
Жүргізуші 2: Салтанатты кешімізді, “ Жұлдызды кеш ” деп атадық, өйткені 9 сыныптың әр оқушысы жарқыраған жұлдыз. Құрметті қонақтар, салтанатты кешімізді ашық деп жариялаймыз!
Жүргізуші
2: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға
Жан сәулесін тарататын баршаға
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді қарсы алайық ағайын!
Жүргізуші
1:Кешіміздің төріне ең маңызды қонағымыз, осы сыныптың сынып жетекшісі,осы мектеп қабырғасында 26 жыл еңбегі сіңген орыс тілі және әдебиеті пән мұғалімі, ешқашан балаға білім нәрін сусындатудан жалықпайтын, шаршамайтын, аудандық, облыстық одан қалса республикалық жарыстарға белсене қатысып биік шыңдарды бағындырып жүрген тіпті мемелекетаралық байқауға қатысып қола жүлде иегері атанған, аяулы жар, қамқоршы ана, осы сыныптың оқушыларын өз балаларымен тең көретін сынып жетекші Абильдина
Кульмайда Сапарбекқызын ортаға ду қол шапалақпен шақырамыз.
Жүргізуші 2:Құрметті халайық! Еліміздің жүрегі Астанада өтіп жатқан “Экспо – 2017 ” халықаралық көрмеге жан жақтан бүкіл әлемге әйгілі жұлдыздар келіп өнерлерін ортаға паш еткелі тұр. Сол қаладан біздің журналист - корреспондент Кульмайда Сапарбекқызырепортажын ұсынып отыр. ( Выход на красную дорожку )
Жүргізуші
1: Міне, жұлдыз түлектеріміз ортаға қосылды.
Алдарында сан тарау жолдары тұр
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр
Үлкен өмір есігін ашпақ міне
Келген қауым, қол соғып, қолда бүгін
Жүргізуші
2: Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер Әнұран
( Әнұран )
Жүргізуші
1: Түлектердің арманы аппақ нұрдай,
Бар тілегі қашанды жақұттардай
Білімнің ордасына ие болған
Әрі басшы, әрі биік қорғанындай
Құттықтау сөзі мектеп басшысы
Уалиева М, Б - беріледі
( Қызылаттестат )
Жүргізуші
2: Қазағым қонақ десе көсіледі,
Мұндайды жан түйіні шешіледі
Ақ тілеулі, ырыс қой қонақ деген,
Өзімен ала келер несібені
Құттықтау сөзі
Беріледі
Жүргізуші
1: Әлі есімде әліппені ашқаным
Есіміңді есте мәңгі сақтадым
Жүрегімде нұрың құйған жылылық
Алғашқы ұстаз, өзің ғана мәңгілік
Сөз кезегі түлектердің алғашқы ұстазы Мыңдық Зейноллақызы, Алма Нұрғалиқызы және Гауһар Зарлыққызына беріледі.
Жүргізуші
2: Жетекші деген ерекше тұлға, дара шың
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын
Сарғайып кеткен альбомын алып қолына
Шәкірттерін оңаша еске алатын
Құттықтау сөзі 9 сынып жетекшісі Абильдина К.С беріледі.
( вручение медалей )
Жүргізуші
1: Қандай ғажап қарашы жан жағына
Күміс күлкі сыймай тұр, қара мұнда
Ата анадан бақытты бар ма екен жан
Қол жеткізген аңсаған арманыңа
Құттықтау сөзі құрметті ата аналарға беріледі
Жүргізуші
2: Бүгінгі күн қуаныш, шаттық күні
Шалқысын жастық шақтың алғыр үні
Айтылар сөз, ағылған ән мен жырдан
Өрнектелсін Бурабай барқыт түні !
Келесі сөз сіздерге жас түлектер!
( Выступление9 класса )
Жүргізуші
1: Тарыдай болып келіп едің сен кеше ғана
Таудай ұл қыз болыпсың өсе дара
9 жыл білім нәрін сусындатып
Мектепті де бітірдің есен аман
Жүргізуші
2: Бел белестер мойытпасың өзіңді
Арман құған жастық шақтың кезінде
Сабырлы бол, адамдықтан аттамай
Жеңе біл, азамат бол төзімді
Жүргізуші
1: Кір шалмасын жаңа ашылған көңілдерің
Ақтаңдар мектеп ұстаз сенімдерін
9 жыл білім алған, сусындаған
Мектебіңмен қош айтысар келді кезің
Сәт сапар, ақ жол түлектерге
Кешіміз мектеп вальсімен аяқталсын!