Гүлден ұрық шашылса, гүл
тарайды әлемге...
«Балалалық шақты балалық шағында көктетіндер» - демекші, 1 маусым – Балалаларды қорғау күні Қарашілік орта мектебінің әкімшілігі «Нұр Отан» ППО-ның қолдауымен денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі үйде оқытылатын Жамантыков Шамильді атаулы мерекемен құттықтап бардық.
Бізді Шамильдің анасы Розалия Мұратқызы жайдары көңілмен қарсы алды. Ал Шамильдің болса, бізді көргенде жүзінде қуаныштың лебі білінді. Міне, хал сұрасып, амандық біліскеннен артық ештеңе жоқ екендігін осыдан – ақ
білуге болады.
Шамильдің қалын сұрап, сұхбаттасқаннан кейін, «Нұр Отан» ППО-ның атынан сәлемдеме сыйлығын және әкімшілік өзі дайындаған сыйлықтарымызды тарту еттік. Баланың қуанышты, бақытты жүзін көргенде басқаның бақытты болуына
септігін тигізген адам ғана ең бақытты адам бола алатындығына көзіміз тағы да жетті.