Біз еліміздің ұланымыз.
Мамыр айының 3 күні Отан қорғаушылар күніне арналған «Біз еліміздің ұланымыз» атты ер балалар арасындағы
облыстық байқауы өтті. Бұл сайыстың мақсаты: елін, жерін, тілін қорғайтын білімді де, білікті нағыз Қазақстан
патриотын тәрбиелеу. Сайысқа сегіз қырлы, бір сырлы, сөйлеу шеберліктері жетілген оқушылар қатысты. Байқау 3 кезеңнен тұрды.
1. «Таныстырсам өзімді»
2. «Білгенге маржан»
3. «Сегіз қырлы, бір сырлы»
Әр кезеңнің шарттары: қатысушы еркіне қарай өзін – өзі таныстыру, салт – дәстүрге, әдет – ғұрыпқа байланысты сұрақтарға жауап беру және жанды дауыспен патриоттық ән орындау. Сайысқа ауданнан бірнеше мектептер қатысты. Біздің мектептің намысын қорғауға 7-сынып оқушысы Қайырбеков Айдар қатысып, барлық кезеңдерден сүрінбей
өтіп, 3-орынға ие болды. Өз атымнан және ұстаздардың атынан Айдарға осындайжетістерге жете беруіне тілектеспіз. Болашақта биік шыңдарды бағындыра бер!
Өскелең ұрпақты Отаншылдыққа тәрбиелеудің бірден – бір жолы осындай сайыстар.
Патриотизм – отбасына, кіндік қаны тамған жеріне, қоршаған ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен, сүйіспеншіліктен бастау алады. Міне, осындай сайыстар көп болатын болса, болашақ жастардың бойына, Отанға, салт – дәстүрге, тілге деген махаббат отын жүрегіне ұялатады.