Біз – ел қорғанымыз.
Аудан орталығында Отан қорғаушылар күні мен Қазақстан Республикалық Қарулы күштерінің 25-жылдығына арналған сапта жүру байқауы болып өтті. Жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, туған жері мен еліне деген құрмет сезімін ұялату мақсатында ұйымдастырылған сайысқа барлығы колледж студенттері мен мектеп оқушыларынан құрылған 20 шақты командалар жарыс жолында бақтарын сынады.
Ең үздік көрсеткіш көрсеткен Щучье қаласының №7 мектеп – лицей командасы бірінші орынға ие болса, Қарашілік орта мектебі оқушыларынан құралған бөлімше жүлделі екінші орыннан көрінді. Бұл жетістік ең алдымен, Қарашілік орта мектебінің алғашқы әскері дайындық мұғалімі Темиров Ақылбек Советұлының ұйымдастырушылың жұмыстарының нәтижесі десек, артық айтқандық емес. Бөлімше сарбаздары: Сексенбаев Данияр (бөлімше командирі), Абышев Тимур, Хасенов Дамир, Орынбай Әділхан, Ербатыров Нұрбол, Шугаев Асхан, Андиров Серік, Утельбай Бахтияр, Тайшиков Олжас, Канашев Альфараби.
Алдағы уақытта Қарулы күштеріміз одан әрі нығайып, әр күніміз жақсылықпен бейбіт өмірге ұласа берсін дегеніміз келеді.