«Жалпыадамзаттық құндылықтар – педагогикалық
үдерісті ізгілендірудің жаңа бағыты»
«Өзін-өзі тану» рухани
адамгершілік бағдарламасының негізін қалаушы Сара Алпысқызының «Рухани кәусәр бұлаққа барар жолды іздеу-әр
адамның міндеттерінің міндеті екеніне сенімдімін...» Рухани бастау ол
адамгершілік, риясыз мейірімділік, махаббат, өзара түсінушілік, төзімділік
арқылы жүзеге асырылады. Рухани-адамгершілік-адамдарға деген ізгі ниеттілік,
құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямау
сияқты жеке қасиеттерін қамтиды. Бір минутқа да күмәнданбаймын: осы бір
болмыстың мәңгілік сұрақтарына жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды
жаңарту керек, өзінің бастауына оралуы
қажет дейді.
Рухани-адамгершілік білім
беру үдерісі жүрекке арналған білім, ол интелектуалдық білімнен айтарлықтай
өзгеше. Рухани-адамгершілік білім-ішкі
білім.
Заманауи
педагогиканың рухани бастауға қайта бет бұру керек.
Ш.
Амонашвили «Ізгілік педагогикасының манифесі» кітабында былай деп жазған.
Ізгілік педагогикасының үш постулаты
·
Баланың бойындағы жоғарғы рухани
бастауы оның жарқын тағдырына, шексіз кемелдену мүмкіндігіне деген сенім.
·
Өз бойындағы жоғарғы рухани
бастауға, оның жарқын болашақ тағдырына
шексіз кемелдену мүмкіндігіне деген сенім.
·
Тек ізгі әдістердің күшіне деген
сенім.
“Балалар
білімді аңсайды, бірақ олар жанды білімді аңсайды”дейді педагог
Ш.
Амонашвили. Ал А. Құнанбаев «Адамның адамшылығы – ақыл, ғалым, жақсы ата, жақсы
ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген екен.
Сондықтан біз рухани бастаудан туындайтын,
сыртқы әлемнен келетін ақпаратты дамытамыз, асқақтатамыз,ізгілендіреміз. Міне,
осы бейнелермен оқушыларымыздың рухани әлемін толықтырамыз.
Мұғалімнің
заңдары:
баланы сүю;
баланы түсіне білу;
баланы шабыттандыра білу.
Мұғалімнің парыздары:
баланың бойындағы шексіз
кемелдену мүмкіндігіне деген сенім;
өз бойындағы жоғарғы
рухани бастауға деген сенім;
тек ізгі әдістердің
күшіне деген сенім..
Мұғалімнің жеке қасиеттері:
мейірімділік,
ашықтық және шынайылық,
Адалдық.
Баланың сүйеніштері:
дамуға,
есеюге,
еркіндікке ұмтылыс.
Педагогтың үш стилі
Авторитарлық (өктем) мұғалім оқушыларға қатал
болады. Өктемдік көрсету арқылы білімді талап етеді. Бұл жерде педагог жоғары
ал оқушы төменгі сатыда болады.
Либералдық
педагогтар үшін ешқандай мақсат-мүдде болмайды,
яғни
тек қана дәрісін өткізсе болғаны.
Гуманистік (ізгіліктік)бұл педагогтар шәкірттерін
адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелейді.
Мұғалімнің үш түрі:
• Шағымданушы
• Түсіндіруші
• Қанаттандырушы
Мұғалімдерге арналған екі ереже.
1.
Басқаларға үйреткеніңді алдымен өзің орында.
2.Одан
кейін барып басқалардан талап ет.
Адам өміріндегі ең басты жалпы адамзаттық
құндылықтарды (ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат
жасамау) оқушылардың бойына сіңірудің маңызды үлгісі болып,
осы құндылықтары бар мұғалімдер болып табылады.
Мұғалімдерге
ең бастысы екі қасиет қажет:
·
Қарапайымдылығы, өз кемшіліктерін ұғыну үшін;
·
Кемелденуге ұмтылыс.
«Егер мұғалім өз ісін
сүйіспеншілікпен атқарса, ол жақсы мұғалім болады.
Егер оның өз оқушысын
туған әке-шешесі сияқты сүйген болса, ол барлық кітапты оқып шыққан, бірақ не
ісін, не оқушыларды жақсы көрмейтін мұғалімнен артық.
Егер мұғалім өз ісіне
және балаларға деген сүйіспеншілігін біріктірген болса, ол – КЕМЕЛ МҰҒАЛІМ»,
дейді Лев Толстой.
Януш Корчак:
Мұғалім – бұл ақылдың шектеулігін жоятын, сонысымен жер
бетіндегі тыныштыққа ықпал ететін және өзіңді-өзің ұстай білуге үйрететін адам.
Егер оқушы өзін жаман ұстаса,
онда бір адамның мінезі жапа шегеді, ал егер оқытушы өзін дұрыс ұстамаса,
көптеген оқушының мінезіне зиян келеді.
Егер мұғалім өз ісіне берілген және таза
болса, онда оның мыңдаған оқушысы жақсара түседі, және де еліміз мінезі
жетілген білімді ұл-қыздарға ие болады.
Мұғалімнің
рөлі оқушының ішкі әлеуетін, оның рухани-адамгершілік құндылықтар негізіндегі
жоғары адамгершілік мәнін ашуға жағдай жасау болып табылады.
Жақсы болыңыздар!
Жақсы нәрсе
туралы ойлаңыздар!
Жақсы нәрсе
айтыңыздар!
Жақсы нәрсе
тыңдаңыздар!
Жақсы нәрсе
көріңіздер!
Жақсы нәрсе
жасаңыздар!
Бақытқа жеткізер жол-осы!
Маткенова К.С.,
өзін-өзі тану мұғалімі