1-жүргізуші: Армысыздар ағайын! Наурыз тойын жұп жазбай Қошеметпен қарсы алайық! Досқа құшақ ашайық, Өлең жырға басайық Қазақтың бір салты деп тойға шашу шашайық Наурыз келсе, Құт келгені халайық! Есік ашып, шашу шашып, Ел боп қарсы алайық
(шашу шашылады)
2-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі, жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке-бақыт пен бейбітшілік дарытатын Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлыс мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
1-жүргізуші: Құттықтау сөзі Уалиева Махаббат Батырбекқызына беріледі
2-жүргізуші: 1 Наурыз келді нұрландырып дүниені, Жерге басын алтын тәжді күн иді. Бүкіл әлем жаңарып түрленеді, Кәрі дала жасарып гүлденеді. Жан дүниемде ғажап сезім оянды, Ой да, қыр да алуан түске боянды.
1-жүргізуші: Осындай даналықтың ұлы мейрамы Наурыз, мінеки бізге де келіп жетті. Ендеше, төрлет, елімізге құт-береке дарытатын әз-Наурыз! 2-жүргізуші: Салт-дәстүрмен жараса Қайта құрып жаңаша, Жарыса өнер көрсетіп, Той тойлайық тамаша
1. Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлайық! 2. Ұлыстың ұлы күні келді! Той құтты болсын! 1. Ұлыс оң болсын! 2. Ақ мол болсын!
2-жүргізуші: Ал халайық! Енді осы ұлыстың ұлы күні ата-салтымыз бойынша бата тілейік Бата
1-жүргізуші: Кел, наурызым, ортаймайтын ырысың,
2-жүргізуші: Наурыз құтты болсын! Дендеріміз сау, мықты болсын Наурыз тойы келе берсін! Барлық халық бақытты болсын! Қош, сау болыңыздар, халайық, Көріскенше күн жарық болсын!
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар! |