"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Карашилик отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

09.03.2017

Смотр – 2017

1 жүргізуші: Қазақ  жері – қонақ жай төрелер жері,

Қазақ елі – қас қақпай ерлер елі

Қазақ  жері көп шеккен қасіретті

Қазақ жері өнерлі, қасиетті.

2  жүргізуші:

Талайлардың шырқалып тұңғыш әні,

Талайлардың жүрегі нұр құшады.

Бүгінгі күн туған жер аспанында

Ән қалықтап, күй мен жыр бірге ұшады!

1 жүргізуші:

Армысыздар, бармысыздар құрметті қауым!

Жайнасын көңіліңнің жасыл бағың

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін бүгінгі өнер шашулары! –

Дегендей, «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне, Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік рәміздердің

25 жылдығына арналған «Қуатты Қазақстан – баянды болашақ!» ұранымен «Ақмола жұлдыздары» атты көркемөнерпаздар байқауына қош келдіңіздер!

1 жүргізуші:

Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік.

 

1 жүргізуші:

Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі Еуразия қауіпсіздік ынтымақтастығы ұйымының  саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас

мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан былтырдан бері 166 жылдық тарихы бар EXPO -2017 көрмесін өткізгелі отыр

 

1      жүргізуші:

Қазақ десем қаламымннан жыр тамып,

Өткенді еске ап отырамын бұрқанып.

Қазақ  деген тәуелсіз ел, біл мұны,

Ақиқатықа айналған ел,  біл мұны,

Ақиқатықа  айналған ел шындығы

Әр бір күні ақ тілеумен жалғасып,

Атар таңға айқара ашық түндігі

 

2 жүргізуші:

Құрметті қонақтар! «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне, Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына арналған «Қуатты Қазақстан – баянды болашақ!» ұранымен «Ақмола жұлдыздары» - атты көркем – өнерпаздар  байқауына Қарашілік орта мектебі  дайындаған мәдени шарасының куәгері болдыңыздар.

 

 

Просмотров: 346


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст