Текст
Наурыз айының төрті күні ауданда «Педагогикалық үміт»атты жас мұғалімдерге арналған конкурс өтті. Біздің мектептен ағылшын тілі мұғалімі Мархмадова Гүлнар Қайратқызы қатысты. Конкурс сырттай, іштей айналымдардан тұрды.І айналымда мұғалім портфолио және эссе тапсырды, екінші айналым таныстыру-5 минут, сабақты презентациялау-10 минут, педагогикалық идеяны қорғау-7 минут. Аудан бойынша бірнеше мектеп қатысты.
Аудандық мақтау грамотасымен және сыйлықпен марапатталды. Жас мұғалімге әріптестері алдағы педагогикалық еңбегінде табыс, шығармашылық шыңға шығуына тілектеспіз.