« Бұлақ көрсең көзің аш » демекші бала бойындағы ерекшелікті дәл басып, оны әрі қарай дамыту әр тәрбиешінің білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты. Карашілік орта мектебі жаныңдағы «Мирас » шағын орталығының оқу тәрбие жұмыстарының барысы кешенді түрде жаңа стандарттың талаптарына сай жүргізіледі. Әр педагог тәрбиеші өзіне жүктелген жұмысына жауапкершілікпен қарап, бала тәрбиесіне өз үлестерін қосып шеберліктерін көрсетуде. Міне, осыған орай «Мирас» шағын орталық пен даярлық сыныбының ашық сабақ апталығы өтті. Бескүндік
барысында түрлі іс шаралар ұйымдастырылды. Барлық тәрбиешілер С.С.Исжанова, М.М.Есенеева, К.М. Козыбаева, даярлық топ тәрбиешісі Н.Р.Кульмагамбетова, орыс тілі пәнінің мұғалімі К.С. Абильдина, ән – күй сабағының мұғалімі А.А. Махметова ашық сабақтар өткізді. Мұғалімдер жаңа инновациялық технологиялардың әдіс тәсілдерін тиімді қолдана білді. Оқытуда үйымдастырудың әр түрлі формалары- қызықтыру сәт, саяхат, топтық жұмыс түрлерін тиімді пайдаланды. Тәрбиешілер көп көрнекі құралдар дайындап пайдаланды. Балаларға қызық болды,сабаққа белсене
қатысты. Педагог өз шеберлігін көрсете білді. Сабақтарға мектептің мүғалімдері, мектеп әкімшілігі катысып талдау жасалынып, педагогтардың дайындығы байқалды, пәнаралық байланыс болды. Ұстаздар ұсыныс пікірлерін айтып бағалады. Жас мамандарға келешекте шығармашылық табыс, ізденіс тілейміз.