Отбасы – бірлігі мен сыйластығы жарасқан кішігірім мемлекет.
Отан отбасынан, отбасы ошаққасынан басталады демекші, отбасыңды сүю ең алғаш отбасынан басталады. Адам ең алғаш дүние есігін ашып, ержетіп бойындағы адамгершілік белгілері жанұяда қалыптасады. Алтын ұяның арқа сүйер ақылшысы әке. Ана көрген оқ жонар, әке көрген тон пішер демекші қателікітерге кешіріммен қарап, ақыл кеңесін беретін, жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа ұмтылдыратын әке – шеше. Мектеп қабырғасында оқытушысы мұғалім болса, ал жанұяда ұстаздары - әке мен ана тәрбиесі. Балаға жақсы тәрбие берсе ертең бала әке-шешенің берген тәрбиесінің арқасында ел – жұртына сыйлы болып, көптеген белестерді бағындырады. Әке – шешенің басты міндеті – ұлын ұяға, қызын қияға қондыру. Бала ата – анасының тәрбиесін бойына сіңірген тәрбиесін ер жеткенде
өз баласына көрсетсе саналы ұрпақ қалыптасады. Айрандай ұйыған тату – тәтті бірлекте өмір сүріп жатқан қарапайым қазақ отбасыларының біріміз. Қара шаңырақтың ақылшысы, арқа сүйері – жан әкем. Түн ұйқысын төрт бөлген – аяулы анам әрдайым көмектесіп, ақыл айтудан жалықпайтын қамқоршы атам өмірде бір-бірімізді демеп,
сүйеу болатын әпкем. Өскенде қара шаңырағымыздың түтінін түтетер және мен. Мен үшін отбасым ең жақын әлеуметтік орта. Өйткені біз әрқашан бір – бірімізге көмектесеміз және мен жанұямды жанымнан артық жақсы көремін. Әртүрлі мейрамдарды отбасыммен бірге атап өтемін. Отбасының абыройын сақтай алған адам өз елінің де абыройын сақтай алады. Сондықтан мен отбасымнің тірегі, отанымның мақтанышы болуға тырысамын. Демалыс сайын жанұямызбен саяхаттағанды ұнатамыз. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын жанұяммен ақылдасамын.
Мен өзімнің отбасымды мақтан тұтамын және де денсаулықтары мықты болып бақытты өмір сүрулерін жаратушы иемнен әрқашан отбасымды қолдап, жамандықтан аулақ болуын, бақытты өмір сүрулерін тілеймін.
Қабділәшімов Айдын
Қарашілік орта мектебі
10-сынып оқушысы