СПИД – деген қауіпті ауру бар
Арылмайтын мәңгі бақи –
СПИД –тен қорғаныңдар абайлаңдар,
Көзді ашып жан – жаққа қарайлаңдар.
Қатерлі дерт өзегінде кетіп қалмай,
Абайландар, СПИД –тен абайлаңдар!
Резабек Нұрай 5-сынып
Келеді ғасырымыз ұлғайып
СПИД деген шыға келді шыр айналып
Ал, халайық, қанекей жабылайық
СПИД деген бәледен арылайық.
СПИД-ті жою тек біздің қолымызда
Елімізді қорғайық қиын жолда
Халқым менің сендерді құтқаратын
СПИД-ті емес тек қана бізді қолда!
Орынбаева Аружан
5-сынып
Біз ғой ертеңі, елдің боламыз,
Өсіп, жетіп қатерлі дертті жоямыз.
СПИД деген ауру кездеспес бұл өмірде,
Қуанамыз, шаттанып біз сол кезде.
Адамзат қуанышын тойлайды,
Балалар жүгіріп күлуді қоймайды,
Шаттанғаны соншалық бүкіл әлемнің
Қуаныштан жарылып кете жаздайды
Белялова Нұрай
СПИД - қой қатерлі дерт,
Бізді, аңдып жүрген
Өмір бойы арылмай, бой бермеген
Көмектесу керек қой басқаларға,
Осы бәле жерімізді жаулап алмай тұрғанда
Айырылсақ қуанамыз бәрімізде,
Жасымыз да, кәріміз де, бәріміз де.
Қуанып, той жасап күлімсіреп,
Таратамыз жақсылықты бар әлемге...
Ұранова Айнұр
5-сынып
СПИД – ғасыр індеті
СПИД бізден өмір бойы айырылмай жүрген дерт болып табылады. Ол емделмейтін дерт. Бірақ менің ойымша егер ғалымдар амалын тауып осы ертке шалдыққан адамдарды емдей алудың жолын тапса, бүкіл әлем қуанышқа кенелер еді. СПИД деген дерт туралы ешкім есіне де түсірмесе екен. Бірақ ол дертке ем болмағаны өкінішті. Егер барлық адамдар СПИД дертіне қарсы болса онда бұл ауру да болмас еді.
Бірінші желтоқсан халықаралық СПИД дертіне қарсы күн. Менің ойымша егер осы дертке қарсы көптегн шаралар өтсе адамдар осы ауру қауіпті екенін түсініп, керісінше оған қарсы болар еді. Қазіргі кезле СПИД деген бір ауру пайда болған. СПИД адамға өте көп зақым келтіреді. СПИДке қарсы болу керек. Себебі СПИд емделмейтін ауру. Егер біздің елімізде СПИД деген дерт кедеспесе онда біздің елімізде тұратын адамдардың дені сау болушы еді.
1-желтоқсан халықаралық СПИДке қарсы күн. Ал қызыл лента СПИДке қарсы белгі. Осы СПИД деген ауру бізді жамандыққа тартады. Сондықтан біз СПИДке мәңгі бақи жоламаумыз керек. СПИДке жоламасақ біз де, біздің отбасымыз да дені сау адам болады. Адамдар СПИДке қарсы дәрі тауып шығарса, біз басқа адамдарды да құтқарушы едік. Біз СПИДтен аулақ жүрейік, олда бізге ешқан жламасын!