Ертегідей ғажайып жаңа жыл
Жыл мезгілдерінің бәрі жақсы. Бірақ ең керемет жыл мезгілі – ол қыс мезгілі деп ойлаймыз. Себебі қыс өзінің көз тартатын ғажайып сұлулығымен адамзатты таңғалдырады. Ол өзімен жаңа бақыт, жаңа табыс, ең қызықтысы Жаңа жыл мерекесін алып келеді. Жаңа жылды әр отбасы асыға күтеді. Өйткені жаңа жыл – жаңа өмірдің бастамасы іспеттес.
Міне, сол көптен күткен жаңа жыл мерекесі біздің мектепке де келіп жетті. Соған байланысты желтоқсанның 29-шы жұлдызында Қарашілік орта мектебінде «Жаңа жыл, төрлет!» атты мерекелік кеш өтті. Биылғы жаңа жыл да өзінің ерекшелігімен көзге түсті. Ол төмендегідей үш бөлімнен тұрып, оқушылар шығармашылығын шыңдай түсті
және ата-аналардың қызығушылықтарын арттырды:
1. Жаңа жылдық визитка
2. Би (әр жылдың өзіндік ерекшелігі бойынша)
3. Ата – аналардаң шығармашылық сыйлық
Бірінші бөлімде әр сынып өздерін және биылғы жылды таныстыру керек болды. Сайыстың тұсау кесерін 10-сынып оқушылары бастап, өздерінің жаңа жылдық костюмдерімен ерекше көзге түсті. Келе жатқан тауық жылын би арқылы таныстырды. Одан кейін 5,6,7,8-сыныптар бір-біріне ұқсамайтын тамаша өнерлерімен өздерін және биылғы жыл атауын одан әрі таныстырып өтті. Атап айтсақ, 8-сынып оқушылары өздерің өлең жолдары арқылы таныстырса, 7-сынып оқушылары аяз-ата және ақшақар болып киініп өнерлерін көрсетті. 6-сыныптың балалары өздерінің дарындылығын көрсетіп, көрерменді шаттыққа бөлеп ұтымды әзілдерін айтты. «Жаңа жыл, төрлет!» атты сайысымыздың ең кішкентай қатысушылары 5-сынып оқушылары да өнер сайысында аянып қалмады.
Мерекенің екінші кезеңі әр сыныпқа берілген жылдар бойынша өздерінің өнерлерін көрсетуден басталды. Бұл сайысты да 10-сынып оқушылары бастап, 60-жылдардағы жастардың рөліне еніп, «Клуб-60» биін билеп көрерменді таң қалдырды. 8-сынып оқушылары 70-жылдағылардың рөлін сомдады. Сыныптың барлық оқушылары атсалысып жеңіске деген құлшыныстарын көрсетті. 7-сынып оқушылары 90-жылдағы өлеңдерден флэшмоб дайындап, өздерінің қолдарынан келгендерінен аянбады. 6-сынып 80-жылдағылар болып, көңілді би кешін
ұйымдастырды. Ал 5- сынып ХХІ ғасыр бастамасы 2000 жылдағылар болып, кішкентай болса да, үлкендермен күш сынастыра білді. Бұл сайыс та өте тартымды, әрі қызықты өтті.
Қорытынды сайысымыз ата-аналардан шығармашылық сыйлық болатын. Бұл сайыста ата-аналар да қарап қалмай, әр сыныптың ата-аналары белсенді қатысып, өз сыныбы, өз баласы үшін бар өнерлерін ортаға салды. 10-сыныптың аяулы да ардақты аналары ақшақар биін билесе, 8-сыныптың ата-аналары көңілді жануарлар биін билеп, көрерменнің көшеметіне бөленді. 7-сыныптың аналары қарақшы-пираттар биін билесе, 6 сыныптың көңілді аналары гномиктер биін көрерменге паш етті. Ал 5-сыныптың ата-аналары ковбой биін биледі. Міне, бала өміріне бей-жай қарамай, өз баласы үшін бір сәт өзі де балаша секіріп, балаша билеп, балаша қуанған әр ата –анаға алғысымыз шексіз.
Сонымен қатар, бүлдіршіндердің асыға күтетін ғажайып күні үшін ат салысып, жаңа жылдық кешке, Аяз атаның қоржынына балаларға арналған тәттілерге демеушілік көрсеткен жеке кәсіпкерлер иесі Жаналин Сабыр ағай, Укпенова Салтанат тәтей, Мутиш Майра тәтей, Шаймерденов Какман ағай мен Көрнекті ауылынан Хаметов Ғалым ағай, Сіздерге алғысымыз шексіз! Жаңа жыл құтты болсын!
Қорытындылай келе, барша қазақстандықтарды келіп қалған жаңа жылмен құттықтай отырып, Тауық жылы молшылық, әр үйге шаттық, бақыт, қуаныш ала келсін демекпіз! Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын!
10-сынып оқушылыры
Уранова Сания, Кадырбаева Гүлмарал
Қарашілік орта мектебі